ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Қоғам
Билік
Қоғам
Басты бет Жаңалықтар Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!

02.12.2016 17:50:35

Үстіміздегі жылдың 18 желтоқсан күні Әйтеке би кентіндегі спорт кешенінде (Жамбыл Жабаев атындағы мектеп жанындағы) кіші футболдан аудан біріншілігі басталады. Аудандық футбол федерациясының ұйымдастыруымен биыл екінші рет өткелі отырған жарысқа қатысатын командалардың ұсыныстары 10 желтоқсанға дейін аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінде қабылданады.
Төменде жарыстың ережесімен танысуға болады.
Кіші футболдан ІІ аудан чемпионатының ЕРЕЖЕСІ
I. Мақсаты мен міндеті
- Аудан бойынша кіші футбол ойынын дамыту мен насихаттау;
- Футболшыладың шеберлігін арттыру;
- Аудан құрама командасына спортшыларды іріктеу.

II. Жарысты ұйымдастыру басшылық ету
Кіші футболдан аудан чемпионатын, Қазалы аудандық футбол федерациясы басшылық жасайды. Біріншілікке футбол федерациясының бекіткен төрешілер алқасына жүктеледі.

III. Жарысқа қатысушылар, ойындарды өткізу тәртібі
Аудандық чемпионаттың ережесі командаларды шақыру қағазы болып табылады. ФИФА ережесі бойынша айналмалы жүйемен өткізіледі.
І. Аудандық чемпионатқа Қазалы ауданы бойынша командалар қатыса алады.
ІІ. Аудан чемпионаты 5 х 5 жүйесімен өткізіледі және екі айналымнан тұрады.
ІІІ. Аудандық чемпионаттың ойын ұзақтығы 15 минуттан 2 тайм, үзіліс 5 минут.
ІV. 1999 – жылы туылғандар және жасы одан жоғары спортшыларға қатысуға рұқсат беріледі.
V. Команда құрамы 11 спортшы. (чемпионатқа тапсырыс қағазына енгізілген спортшы басқа командаға екіні айналымда ауысуға рұқсат етіледі)
VІ. Қатысушы әр командалар спорттық бірыңғай формада болуы тиіс. (арқа нөмірі, гетры)
VІІ. Команда жетекшілері немесе басшылары, өз командасы ойыншыларының тәртібіне жауапты және ойын кезінде, ойыннан кейін, төрешілер қызметіне араласуға құқығы жоқ.
VІІІ. Тапсырыс қағазымен қоса ойыншылардың жеке куәлігінің көшірмесі болуы міндетті.
ІХ. Ойын кезінде екі командалар спортшылары дөрекілік көрсетіп, төбелес болған жағдайда, екі команда жарыстан шығарылады.
Х. Қазалы ауданының футболдан құрама командасының мүшелерінен тапсырысқа енгізуге 5 ойыншы, алаңда 3 ойыншыға рұқсат етіледі.
ХІ.Чемпионатқа Қазалы ауданының жергілікті тұрғындары қатыса алады.
ХІІ. Ойыншылардың қатысушы карточкасы болуы шарт. Ойынға карточканы тексеру арқылы жіберіледі.
ХІІІ. Аудандық чемпионатқа қатысу жарна пұлы отыз мың теңге. ( 30 мың теңге)

IV. Өткізілетін орны мен уақыты
Жарыс 2016 жылдың желтоқсан – 2017 жылдың наурыз айлары аралығында өткізіледі. Жарыс Әйтеке би кентіндегі Спорт кешенде 18 желтоқсан күні жергілікті уақытпен сағат 10.00 де басталады.
Тапсырысты 10 – желтоқсанға дейін тапсыру қажет.
Жарыстың өткізілетін жерлері жарыс ойын күнтізбесінде көрсетіледі.

V. Жеңімпаздарды марапаттау.
Жеңімпаз және жүлдегер командалар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі және футбол федерациясының мақтау қағаздары, естелік медалдары және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.
Ұйымдастыру алқасы:
Байланыс тел: 87074828420, 87021995611, 87027802040

Ақпарат көзі:

Кіру

×