ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Қоғам
Билік
Қоғам
Басты бет Жаңалықтар ҚАЗАЛЫЛЫҚ СӘБИТ БОЗҒҰЛБАЕВ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ АРҚЫЛЫ МАЛ БАСЫН КӨБЕЙТУДЕ

ҚАЗАЛЫЛЫҚ СӘБИТ БОЗҒҰЛБАЕВ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ АРҚЫЛЫ МАЛ БАСЫН КӨБЕЙТУДЕ

01.07.2019 19:55:21

Бүгінгі күні ауданымызда жеңілдетілген шағын несие алу арқылы мал шаруашылығымен айналысатын шаруалар жетерлік. Солардың бірі қазалылық Сәбит Бозғұлбаев.

Аудан орталығында тұратын ол өткен жылы "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ арқылы 4 миллион 500 мың теңге несиеге қол жеткізіп, 9 байтал, 4 айғыр сатып алды.

Шаруа қожалығының тізгінін ұстап отырған ағамыз еңбекқор, шаруаға мығым, төрт түліктің жайына қанық азамат. Өзі ауылда туып-өскен соң мал шаруашылығымен шұғылданып, осы кәсіпке ден қоюды жөн санайды. Сөйтіп, өткен жылы шаруа қожалығын ашады. Кәсіпкердің жылқылары өзі туып-өскен Қарақұмдағы "Әйтімбет" учаскесінде жайылады. Айына бір-екі рет арнайылап өзі төңіректі шолып, мал басының амандығын бақылап отырады. Қарапайым халыққа осындай мүмкіндік сыйлаған мемлекеттік бағдарламаларға шаруасын шалқытып отырған азаматтың айтар алғысы шексіз.

– Бұл несиенің бір артықшылығы – пайызы төмен. Оның үстіне қожалықтың жағдайына қарай өтеу мерзімі ұзартылып отыр. Бұл шаруасын енді түзетіп келе жатқан біздер үшін үлкен көмек болып отыр, – дейді жылқы өсірген шаруа.

Ақпарат көзі: Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Кіру

×