ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Құқық
Қоғам
Билік
Құқық
Қоғам
Басты бет Жаңалықтар ҚАЗАЛЫЛЫҚ БАЛУАН МАЖАРСТАНДА КҮМІС МЕДАЛЬ ҰТЫП АЛДЫ

ҚАЗАЛЫЛЫҚ БАЛУАН МАЖАРСТАНДА КҮМІС МЕДАЛЬ ҰТЫП АЛДЫ

21.06.2019 13:27:30

Қазалылық Бақытжан Əл-Хорезми Венгрияның астанасы Будапешт қаласында грек-рим күресінен өткен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы бүкіләлемдік оқушылар арасындағы әскери ойыннан олжалы оралды.

Дүбірлі додада бақ сынаған N17 Қазалы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің оқушысы Бақытжан ақтық сындағы қарсыласына ғана есе жіберіп, жүлделі екінші орынға тұрақтады.

Еліміздің туын халықаралық байрақты бəсекеде көкке көтерген балғын балуанды жеңісімен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі: Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Кіру

×