ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Қоғам
Билік
Қоғам
Басты бет Жаңалықтар ҚАЗАЛЫДА ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

ҚАЗАЛЫДА ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

01.07.2019 19:54:05

Бүгін Қазалы ауданында «Ұлттық домбыра күні» мерекесіне орай Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығының ұйымдастыруымен мерекелік шаралар өтті.

Аталмыш шара Әйтеке би кентінің 5 квартал аймағы мен кенттік клубта, «Наурыз» ойын-сауық орталығы және Қазалы қаласындағы мәдениет үйінде «Қазағымның үні сенсің – домбыра» деген тақырыпта өтті.

Концерттік бағдарлама барысында аудан өнерпаздары қазақтың ұлттық аспабы – домбыраны жырға қосып, Дәулеткерей мен Құрманғазының күйлерін күмбірлете орындады. Атап айтар болсақ, әнші Мөлдір Малдыбаева «Домбыра туралы баллада» әнін шырқаса, «Ақжелең» бишілер тобы «Домбыра» биін мың бұрала биледі. Ал, Балқыз Өмірзақ «Көріғұлы», «Сейхун» этно-рок тобы «Адай», «Қара жорға» күйлерін көпшілікке үсынды.

Ақпарат көзі: Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Кіру

×