ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Құқық
Қоғам
Билік
Құқық
Қоғам
Басты бет Жаңалықтар ҚАЗАЛЫДА СУБҰРҚАҚТАР МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАЛЫДА СУБҰРҚАҚТАР МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

19.06.2019 13:52:34

Әйтеке би кентіндегі Қ.Пірімов көшесі бойындағы субұрқақтардың жазғы маусымы басталды. Субұрқақтан аспанға атқылаған сулар түрлі түсті жарықтармен мың құбылып көз арбап, бейнебір судан сәуле шашылғандай әсер қалдырады.

Кешқұрым осында жиналған кент тұрғындары мен аудан қонақтарының қуанышында шек жоқ. Әсіресе, субұрқақ кішкентай балалардың уақытын тамаша өткізуге таптырмас орын болып отыр. Әсем де көрікті көше бойында асыр салған бүлдіршіндердің барлығы да мәз-мейрам.

Айта кетейік, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында абаттандырылған Қ.Пірімов көшесінің бойында «Тәуелсіздікке 25 жыл» монументі, Жалаңтөс баһадүр мавзолейі, Бегім ана, «Асандар көтерілісі» құрбандарына арналған ескерткіштер мен тынығу орындары орналасқан.

Ақпарат көзі: Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Кіру

×