ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Құқық
Қоғам
Билік
Құқық
Қоғам
Басты бет Жаңалықтар ҚАЗАЛЫДА КОЛЛЕДЖ ЖАНЫНДАҒЫ ЖЫЛЫЖАЙ ӨНІМ БЕРЕ БАСТАДЫ

ҚАЗАЛЫДА КОЛЛЕДЖ ЖАНЫНДАҒЫ ЖЫЛЫЖАЙ ӨНІМ БЕРЕ БАСТАДЫ

20.05.2020 09:49:07

Қазалы ауданындағы ауыл шаруашылығы мамандарын дайындайтын колледж жанынан арнайы жылыжай ашылып, алғашқы өнімін бере бастады.

Өткен жылы құрылысы басталған жылыжайда әзірге қияр мен қызанақ қана өсіп тұр. Алдағы уақытта гүлдің түр-түрін өсіру жоспарлануда.

Жылыжайға егілген қияр мен қызанақты күтіп-баптау колледж директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары Болат Садықовқа бекітілген. Осыдан 2 ай бұрын егілген қиярдың қазір желегі жайқалып, пісіп тұр. Амандық болса мамыр айының аяғына дейін қызанақ та жеміс бере бастайды.

Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің директоры Темірбек Исмайловтың айтуынша, алдағы уақытта «Жылыжайда көкөніс өсіруші» мамандығын ашу жоспарда бар. Білім ордасында мұндай тәжірибе алаңының болуы болашақ мамандардың өз кәсібін жетік меңгеріп шығуына сеп болмақшы.

Студенттер жаңа технологиялардың, тамшылатып суарудың пайдасы қандай екенін, қандай процестер қолданған жағдайда жақсы өнім алуға болатынын үйренеді.

Ақпарат көзі: Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Кіру

×