ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Қоғам
Билік
Қоғам
Басты бет Жаңалықтар ҚАЗАЛЫДА "ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

ҚАЗАЛЫДА "ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

08.04.2019 11:43:18

Сәуір айының 5-6 жұлдызында аудан орталығы Әйтеке би кентінде дәстүрлі «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өткізілді. Акцияға аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция, жергілікті полиция, көші қон қызметінің қызметкерлері тартылып, халыққа құқықтық ақпарат және көмек жасады.

– Бұл шараның мақсаты – азаматтарымыздың әр түрлі сала бойынша құқықтық сауатталығын арттыру. Сол үшін бүгін осы акция аясында халық көп шоғырланатын жерге арнайы автокөлік қойылды. Мұндағы қызметкерлер өздеріне қатысты қандай да бір мәселемен келген азаматтардың сұрақтарына жан-жақты жауап беріп жатыр. Олар негізінен көші-қон, қару алу және заңдастыру, автокөліктерге және жүргізуші куәлігі байланысты болды, – дейді аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Айбек Әлиев.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, екі күн ішінде көптеген тұрғын «Жолдау қабылдау» акциясы аясында құқықтық кеңес алып, ризашылықтарын білдірген.

Ақпарат көзі:

Кіру

×