ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Құқық
Қоғам
Билік
Құқық
Қоғам
Басты бет Жаңалықтар ҚАЗАЛЫДА ЖАҢА КӨЛІКТЕР САТАТЫН АВТОСАЛОН АШЫЛДЫ

ҚАЗАЛЫДА ЖАҢА КӨЛІКТЕР САТАТЫН АВТОСАЛОН АШЫЛДЫ

09.07.2019 19:34:04

Әйтеке би кентіндегі «Қазалы керуен» автобекетінде жаңа автосалон ашылды. Бүгінгі таңда «Allur Auto» салоны қазалылықтарға «Ravon» және «Jac» маркасындағы көліктің кең таңдауын ұсынады.

Мұнда Қазақстан зауыттарында құрастырылатын «Ravon R3» жеңіл машиналары мен «Jac S3» крассоверлері сынды автокөліктер сатылып жатыр. Автокөліктердің бағасы өзінің мүмкіндіктеріне қарай әр түрлі. Мәселен автокөлік салонындағы темір тұлпардың ең арзаны 3,9 млн теңге болса, ең қымбаты 5,6 млн теңгені құрайды.

Автосалон қызметкерлері өз тұтынушыларына сапалы, әрі мәдениетті қызмет көрсетуді басты міндеттері санайды. Темір тұлпарды тізгіндеуге ниетті жандардың несиесі осы жерде «Еуразиялық банк» арқылы бір күнде рәсімделеді.

Ақпарат көзі:

Кіру

×