ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Құқық
Қоғам
Билік
Құқық
Қоғам
Басты бет Жаңалықтар ҚАЗАЛЫДА БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

ҚАЗАЛЫДА БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

28.06.2019 16:02:59

Қазалыда 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесіне орай аудан әкімінің міндетін атқарушы Әлімжан Жарылқағанов аталған сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, марапаттады.

– Қай салада болмасын жедел әрі үздіксіз хабар алып, ақпараттарды уақытылы жеткізу маңызды міндеттердің бірі екені белгілі. Бұл ретте ауданымыздағы байланысшылар мен қаламгерлер қауымы Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді шешуге қомақты үлес қосып келеді. Әсіресе, қоғамдық пікірді қалыптастырушы рөлін атқарып келе жатқан баспасөз қызметкерлеріне артылған жүк ауыр. Себебі, жаһандық жаңғыру кезеңінде халықтық атмосфераның барометрі болу, адамзат баласын ортақ мүддеге жұмылдыру журналистердің еншісінде. Бүгінгі мерекеде «халықтың көзі, құлағы һәм тілі» қызметін атқаруда «Сыр бойы», «Халық» газеттерінің меншікті тілшісі Жұмабек Табынбаевтың, аймақтық «Тұран-Қазалы», аудандық «Қазалы», «Тәуекел туы» газеттері мен «Серік ТВ» телеарнасы қызметкерлерінің еңбегін атап өткенді жөн деп есептеймін, – деді Әлімжан Мұратбайұлы көпшілік алдында сөйлеген сөзінде.

Мұнан соң, аудан әкімінің орынбасары аталған салада талай жылдардан бері қызмет етіп, қоғамдағы күрмеулі мәселелерді қозғап жүрген журналистер мен телекоммуникация және пошта байланыс торабының қызметкерлерін «Алғыс хаттармен» марапаттап, бағалы сыйлықтарды табыс етті.

Аудан әкімдігінде өткен шараға қатысушы байланыс және ақпарат саласының қызметкерлерін аймақтық «Тұран Қазалы» газеті бас редакторының орынбасары, аудандық мәслихат хатшысы Ғазиз Әліш, аудандық «Қазалы» газетінің бас редакторы Есет Табынбаев төл мерекелерімен құттықтап, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Айта кетейік, Үкіметтің қаулысымен биылдан бастап 28-ші маусым бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесі күні болып бекітілді. Бұған дейін журналистер күні маусым айының соңғы жексінбесінде атап өтетін.

Ақпарат көзі: Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Кіру

×