ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Қоғам
Билік
Қоғам
Басты бет Жаңалықтар ҚАЗАЛЫДА 6 ГЕКТАР АУМАҚҚА СЕКСЕУІЛ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

ҚАЗАЛЫДА 6 ГЕКТАР АУМАҚҚА СЕКСЕУІЛ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

21.06.2019 10:08:11

Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында 6 гектар аумаққа сексеуіл көшеттері отырғызылды.

Аталған шаруаны «Намыс-Құрылыс» ЖШС қолға алып, аудандық бюджеттен бөлінген тиісті қаржыға сәйкес Әйтеке би кентінің бас қақпасының айналасына, айналма жолдағы көпір аумағына және «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автотрассасының екі жақ беткейіне абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Серіктестік жұмысшылары аумағы 6 гектар жерді арнайы материалдармен қоршап, 1200 дана сексеуіл көшеттерін екті.

Ақпарат көзі: Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Кіру

×