ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Құқық
Қоғам
Билік
Құқық
Қоғам
Басты бет Жаңалықтар ҚАЗАЛЫ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНДЕ «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТКІЗІЛДІ

ҚАЗАЛЫ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНДЕ «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТКІЗІЛДІ

25.06.2019 10:37:09

Қазалы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ұйымдастыруымен Қазалы аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар үшін ашық есік күні өткізілді.

Ашық есік күніне Қазалы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы С.Бабанаев, Қазалы ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры М.Бекмамбетов, Қазалы аудандық пробация қызметінің бөлім бастығы әділет подполковнигі Е.Сражатов, Қазалы аудандық жергілікті полиция қызметі жұмысын ұйымдастыру жөніндегі инспекторы Ғ.Аманов және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің аға кеңесшісі Н.Ақпанбетов қабылдау жүргізді.

Ашық есік күнінде пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған жұмыссыз азаматтар үшін қазіргі таңда мекемелер мен кәсіпорындардан түсіп тұрған бос жұмыс орындары және «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бағыттары, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы, атаулы әлеуметтік көмектер, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар, бірыңғай жиынтық төлем жөнінде түсініктеме берілді.

Ақпарат көзі:

Кіру

×