ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Құқық
Қоғам
Билік
Құқық
Қоғам
Басты бет Жаңалықтар ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА

ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА

10.01.2020 16:05:01

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Бекмырза Еламанов, Мұрат Бақтиярұлы және Дана Нұржігіт Қазалы ауданына жұмыс сапарымен келіп, Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде кездесу өткізді.
Кездесуге аудан активі, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме-кәсіпорын басшылары, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында ҚР Парламент Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Мұрат Бақтиярұлы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстар, қабылданған заңдар мен алдағы уақытта депутаттардың назарына ұсынылатын жобалар төңірегінде кеңінен әңгімелеп берді. Әсіресе халық қалаулысы жақында ғана қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» заңға ерекше тоқталды.
Жерлесіміз Дана Нұржігіт әлеуметтік мәселелер, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, атаулы әлеуметтік көмек жүйесіне енгізілген өзгерістер жөнінде түсіндірме жасады.
Жиынға қатысқан білім саласының қызметкерлері мен ардагерлерінің сұрақтарына Парламент Сенатының депутаттары Бекмырза Еламанов, Мұрат Бақтиярұлы және Дана Нұржігіт жауап беріп, өздерінің ой-пікірлерін білдірді.
Басқосуда аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ауданға арнайы жұмыс сапарымен келген депутаттарға алғысын айтты.
Сенат депутаттары Қазалы ауданына жұмыс сапары барысында «Сыр маржаны» ЖШС-ның мал бордақылау алаңының жұмысын көріп, Ақтан батыр ауылындағы орталық саябақ, Сырдария өзеніндегі «Әлсейіт» көпірімен танысты. Әйтеке би кентіндегі аудандық мекемелер үйінде аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Сенат депутаттарына «Ашық әкімдік» жобасы аясында жұмыс істейтін кабинеттерді көрсетті.

Ақпарат көзі: Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Кіру

×