ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Қоғам
Билік
Қоғам
Басты бет Жаңалықтар ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ҚАЗАЛЫЛЫҚ ТҮЛЕКТЕРГЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ

ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ҚАЗАЛЫЛЫҚ ТҮЛЕКТЕРГЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ

21.06.2019 10:49:45

Бүгін Қазалы ауданы бойынша 34 орта мектептен бітіруші 454 түлек өз білімдерін сарапқа салуда.

Ұлттық бірыңғай тестілеу өтіп жатқан Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей базасындағы 14 аудитория талапқа сай жасақталған. Балалардың жай-күйін бақылау үшін арнайы бейнеқондырғылар орнатылған.

Ұлттық бірыңғай тестілеу басталмас бұрын аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов пен облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова түлектерге білім бәсекесінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге тілектестіктерін білдіріп, сәттілік тіледі.

Айта кетейік, ауданымыздағы №226, 102, 104 мектептер ұлттық бірыңғай тестілеуге оқушыларын 100 пайыз қатыстырып отыр.

Қазіргі таңда мектептегі мемлекеттік емтихан қорытындысымен 17 мектептен 41 оқушы «Алтын белгі» белгісінің иегері, 10 мектептен 17 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды

Ақпарат көзі: Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Кіру

×