ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Құқық
Экономика
Қоғам
Билік
Құқық
Экономика
Қоғам
Басты бет Жаңалықтар Кәсіпкерлер назарына!

Кәсіпкерлер назарына!

19.04.2018 18:09:00

Кәсіпкерлер назарына!


2018 жылдың 19 сәуірінде «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру үшін конкурстық іріктеу басталғандығын хабарлаймыз.

Конкурсты ұйымдастырушы:

«Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» ММ;

Орналасқан жері: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 28;

пошталық мекенжайы: 120014;

электрондық пошта мекенжайы: grantdkb@gmail.com;

байланыс телефоны: 8 (7242) 40-10-59, 70-54-87;

Конкурс нысанасы: "Бизнестің жол қартасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін жер: «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» ММ, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 28, 3 қабат, 301 кабинет;

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекен-жайға өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінім мен толық құжаттама топтамасын береді.

Ұсынылатын құжаттар тізімі:

1) Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік грант беру бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінім;

2) заңды тұлғаны (дара кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

3) өтініш берілген күнге дейін кемінде күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтама;

4) өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (болған кезде) расталған анықтама;

5) бизнес-жоба;

6) Бағдарламаның және/немесе Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы банк шотынан үзінді немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;

8) кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығы бар сенімхат, сенім білдірілген адам паспортының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға куәландырған).

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2018 ж. "19" сәуірінен бастап
2018 ж. "15" мамыры аралығында, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (жергілікті уақытпен)

Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 2018 ж. "19" сәуірі сағат 9.00 (жергілікті уақытпен)

Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2018 ж. "15" мамыры сағат 18.00 (жергілікті уақытпен)

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен Қызылорда облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында https://e-kyzylorda.gov.kz танысуға болады.

Толық ақпаратты: Әйтеке би кенті, Қ.Пірімов көшесі №5, Әйтеке би кенті әкімшілігінің ғимараты 210, 215-бөлмелер. Байланыс телефоны: 23-8-17.

Ақпарат көзі:

Кіру

×