ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Құқық
Қоғам
Билік
Құқық
Қоғам
Басты бет Жаңалықтар ЖАС МАМАН-2019: ҚАЗАЛЫДА 143 ТҮЛЕК ДИПЛОМ АЛДЫ

ЖАС МАМАН-2019: ҚАЗАЛЫДА 143 ТҮЛЕК ДИПЛОМ АЛДЫ

26.06.2019 16:33:41

Кеше Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің түлектеріне диплом табысталды. Аталған шараға Қазалы қаласындағы мекеме басшылары мен колледж ардагерлері қатысты.

Шарада колледж директоры Темірбек Исмайлов түлектер мен олардың ата-аналарын қуаныштарымен құттықтап, жылы лебізін арнады.

Салтанатты жиынға Қазалы қаласы әкімі Р.Ізтілеу, Қазалы қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Көләнов, ардагерлер кеңесінің мүшесі Е.Жанпейісов, Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасының Қазалы аудандық филиалының директоры Е.Аймаханов, Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектептің директоры О.Махамбетов, "Сыр маржаны" ЖШС директорының орынбасары Т.Бөріқұлақов, аудандық ветеринариялық стансасының директоры Б.Әміреев, аудандық ветеринариялық лабораториясының басшысы Қ.Манабаева, "Қазалысушар" мекемесінің директоры И.Мүсіров, "Феникс" ЖШС директоры Б.Нарымбетов және бір топ колледж ардагерлері қатысып, түлектерге диплом тапсырып, болашаққа аттаған жаңа қадамдарына ақ жол тіледі.

Айта кетейік, биыл Қазалы аграрлы-техникалық колледжін 6 мамандық бойынша 143 түлек бітіріп жатыр. Оның 6-ы үздік диплом иегері.

Ақпарат көзі: Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Кіру

×