ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Құқық
Қоғам
Билік
Құқық
Қоғам
Басты бет Жаңалықтар БЖЗҚ-дағы Ашық есік күні

БЖЗҚ-дағы Ашық есік күні

16.09.2019 19:15:44

Халық арасындағы насихаттау жұмысы аясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 20 қыркүйекте Қазақстан аумағындағы өзінің барлық филиалында «Ашық есік күнін» өткізеді.

Күннің басты тақырыбы – «Ерікті зейнетақы жарналары – өзіңіздің және жақындарыңыздың қамын ойлаңыз». Қазір – бұл зейнетақы жинақтары саласындағы ең жиі талқыланатын мәселелердің бірі. Қор мамандары келешекте салымшыларды қандай артықшылықтар мен бонустар күтіп тұрғанын айтып береді.

Сонымен қатар бұл іс-шара мақсаты – зейнетақы жүйесінің жалпы жұмысына қатысты басқа да мәселелер бойынша салымшыларды кешенді хабарландыру.

Іс-шараға қатысушылардың барлығына бағалау сауалнамасы арқылы өз тілектері мен ескертулерін айту мүмкіндігі беріледі.

Сіздерді «БЖЗҚ» АҚ кеңселерінде күтеміз!

Біз сіздерді Қызылорда облыстық филиалы Ә. Тәжібаев көшесі, 26 үй мекен жайындағы Қызылорда облыстық филиалының кеңсесінде күтеміз.

Ақпарат көзі:

Кіру

×