ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Қоғам
Билік
Қоғам
Басты бет Жаңалықтар ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕПКЕ ОҚУҒА ШАҚЫРАМЫЗ

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕПКЕ ОҚУҒА ШАҚЫРАМЫЗ

25.05.2017 19:44:04

Қазалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі ҚР ҚМ «ӘТМ РМҚК» Қызылорда филиалына әскер жасындағы 1995-1999 жыл аралығындағы жастардан «МТ-ЛБ механик жүргізуші» мамандығы бойынша сертификатпен талапкерлер дайындауға әскерге шақырылушылар арасынан іріктеу жұмыстары жүргізілуде.
Оқу мерзімі 3 ай, маусым айынан бастап тамыз айлары аралығы деп белгіленген. Оқу барысында тегін жатаржаймен, тегін 3 мезгіл тамағымен қамтамасыз етілген. 9 сынып бітірген азаматтарға толық мүмкіндіктер қарастырылған. Әскери борышын өтеп болғаннан кейін «МТ-ЛБ механик жүргізушісі» мамандығымен Қызылорда қаласындағы №66597 әскери бөліміне келісімшарт бойынша әскери қызметке орналасуға мүмкіншіліктер қарастырылған.
Қажетті құжаттар мен толық ақпаратты алу үшін Қазалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (военкомат) Әйтеке би кенті, Әйтеке би көшесі №88 мекен-жайы бойынша жолығуларын сұраймыз.
Байланыс телефоны:22-0-95, 21-4-33

Ақпарат көзі:

Кіру

×