ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Құқық
Экономика
Қоғам
Билік
Құқық
Экономика
Қоғам
Басты бет Қоғам Жұмыспен қамту

Жұмыспен қамту

2018 жылдың 01 қазанына жұмыспен қамту орталығында «Жұмыспен қамту мәселесі бойынша» атқарылған жұмыстардың барысы туралы анықтама 


2018 жылдың 01 қазанына аудан бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде 2050 адам хабарласса, оның ішінде жұмысқа орналасқаны барлығы – 1019 адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз, ресми жұмыссыздық деңгейі                3,9 пайыз болып отыр. Аудан бойынша жұмыссыздар саны – 1369 адамды құрауда.

Аудан бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде                 29 жасқа дейінгі 890 жұмыссыз жастар хабарласқан. Одан жұмысқа орналасқаны 423 жас, ақылы қоғамдық жұмысқа 120 жас, әлеуметтік жұмыс орнына 22 жас, жастар практикасына 192 жас мамандығы бойынша жіберілсе, 72 адам қайта даярлау курсына,              61 адам кәсіпкерлік негізде оқытылуда.

Жыл басынан бері 15 рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілген. Жәрмеңкеде 65 жұмыс берушілерден 365 бос жұмыс орындары түсіп, жәрмеңкеге              465 жұмыссыз адам қатысты, одан 365 адам тұрақты жұмысқа, 2 адам әлеуметтік жұмысқа, 20 адам жастар практикасына, 35 ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілсе, 43 адам мамандардан керекті консультацияларын алды.

Аудан бойынша 2018 жылға 970 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған болса, 2018 жылдың 01 қазанына 963 жаңа жұмыс орны ашылып, одан тұрақты жұмысқа                    950 адам, уақытша жұмысқа 13 адам жіберілген. Оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашылығы саласына – 141, өнеркәсіп – 19, құрылыс – 8, көлік және қоймалау – 121, көтерме және бөлшек саудамен айналысуға –236, білім беру саласы бойынша – 17, денсаулық саласы бойынша – 66, экономикалық қызметтің басқа түрлері бойынша – 242 орын.

Осы жылдың 01 қазанына 55 мүгедектер жұмыс іздеуші ретінде хабарласып, тіркелген. Одан тұрақты жұмысқа орналасқаны 22 мүгедек, ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілгені 9 мүгедек, жастар практикасына жіберілгені 6 мүгедек, әлеуметтік жұмыс орнына 5 мүгедек жіберілсе, 2 мүгедек қайта даярлау курсына, 11 мүгедек кәсіпкерлік негізде оқытылуда.

Қазіргі таңда, аудандық жұмыспен қамту орталығында жазасын өтеп келгендер мен пробация қызметінің есебінде тұрған 18 адам хабарласып, жұмыс іздеуші ретінде тіркелген. Одан 10 адам тұрақты жұмысқа, 1 адам өз бетінше жұмысқа орналасса, 3 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілді, 2 адам қайта даярлау курсына «Автокөлік жүргізуші» мамандығы бойынша оқуға жіберілсе, 1 адам кәсіпкерлік негізде оқуға өтініш білдірді, ал, 1 адамның отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленуде.


 «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың                     2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша анықтама

Бағдарламаның бірінші бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша 2018 жылы Аудандық білім бөлімі арқылы кәсіптік оқуға 150 адамды қыркүйек айынан бастап оқыту көзделсе, қысқа мерзімді қайта даярлау курсына 6 айға жоспар бойынша            150 адамды 6 ай оқытуға бюджеттен 53648,0 мың теңге (оқуға ақы төлеу 21434 теңге, стипендия 25138 теңге, жол жүру ақысы 9076 теңге, үйді жалдауға 11345 теңге) қаржы қаралды.

Қаралған қаржыдан 20880,0 мың теңгеге «Аспаз» мамандығы бойынша 26 адам, «Автокөлік жүргізуші» мамандығына 20 адам, «Кондитер» мамандығына 24 адам, «Оператор ЭЕМ» мамандығына 21 адам, «Шаштараз» мамандығына  31 адам, «Киім пішу» мамандығына 28 адам, барлығы 150 адамға (72-сі жастар)  оқу орындарымен келісім шарттар жасалып, оқуға жолдама беріліп, оқытылуда . одан оқуын аяқтағаны 93 адам, жұмысқа орналасқаны 42 адам.

Колледж атауы

Оқытылатын мамандық атауы

Оқытыла-

тын адам

саны /жоспар/

Оқуға жолданған

адам саны

Оқу мерізімі, ай

Оқуын аяқтаған адам саны

Жұмысқа орналас-қаны

Қазалы аграрлы техникалық колледжі

Аспаз

26

26

3

25

13

Автокөлік жүргізуші

20

20

6

Қазалы көлік

техникалық колледжі

Кондитер

24

24

3

22

5

Оператор ЭЕМ

21

21

3

19

6

«Санжар» ЖШС» оқу орталығы

Шаштараз

31

31

3

27

18

Киім пішу

28

28

6

Барлығы:

150

150

-

93

42

Бағдарламаның екінші бағыты «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды несиелендіруге 2018 жылы 463853,0 мың теңге қаржы қаралып, 100 адамға несие беру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалы арқылы 52 адамға (18 жас) 176100,0 мың теңге, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы Микроқаржы ұйымы» арқылы 5 адамға 9,0 млн.теңге несие берілсе, қалған өтініш берген азаматтардың құжаттары несие ұйымдарына тапсырылып, несие беру жұмыстары жүргізілуде.

Бағдарлама аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар алуға 25 адамға 6,0 млн.теңге қаражы қаралып отыр. Қазіргі таңда 6 адамның жобасы Облыстық кәсіпкерлер палатасына тапсырылып, осы жылдың 25 қыркүйек күні комиссияда ұміткерлер өз жобаларын қорғады, комиссия қорытындысы күтілуде.

2018 жылға кәсіпкерлік негізде оқытуға 230 адам жоспарланып, орталық арқылы несие алуға өтініш білдірген жұмыссыз адамдар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың тізімдері аудандық кәсіпкерлік палатасына берілді. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсы «Бастау-Бизнес» жобасымен осы жылдың сәуір айымен қараша айында барлығы 6 топ бойынша оқыту көзделген болатын. Бүгінгі күнге,1 топ бойынша 52 адам кәсіпкерлік негізінде оқуға осы жылдың 16 сәуірі күні жолданып, одан 46 адам бітіріп, оның 39 өз жобаларын қорғап сертификаттарын алса;

2 топ бойынша 44 адам осы жылдың 28 мамыры күні кәсіпкерлік негізде оқуға жолданып, одан 32 адам бітіріп, өз жобаларын қорғап сертификаттарын алды;

3 топ бойынша 29 адам осы жылдың 09 шілде күні кәсіпкерлік негізде оқуға жолданып, 18 адам өз жобаларын қорғап, сертификаттарын алған.

Ал, 4 топтан бастап кәсіпкерлік негізде оқыту қаражат болмауына байланысты осы жылдың тамыз айыннан бастап тоқтап тұр.

Бағдарламаның үшінші бағыты «халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша  2018 жылы әлеуметтік жұмыс орнына 55 адамға жалақыны субсидиялауға 17021,0 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күнге 23 жұмыс берушімен келісім шарт жасалып, барлығы 95 адам (21 жастар,           5 мүгедек) әлеуметтік жұмыс орнына жіберілді.

Жастар тәжірибесіне 140 жас мамандарды жіберуге 50506,0 мың теңге қаралды. Қаралған қаржыға қазіргі таңда 192 адам (5 мүгедек) жастар тәжірибесіне өз мамандықтары бойынша 6 ай мерзімге жолдама арқылы жіберілді. Жастар тәжірибесіне жіберілген жастардың басым көпшілігі білім саласы мен денсаулық саласын бітіргендер.

Ақылы қоғамдық жұмысқа жіберуге жергілікті бюджеттен 28761,0 мың теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда 468 адам ақылы (96 жастар, 9 мүгедек) қоғамдық жұмысқа жіберіліп отыр.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы бойынша 2018 жылдың


01 сәуіріне атқарылған жұмыстар туралы анықтама

Бағдарламаның бірінші бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша 2018 жылы кәсіптік оқуға 150 адам оқыту көзделсе, қысқа мерзімді қайта даярлау курсына 1 айдан 6 айға дейін жоспар бойынша 150 адамға бюджеттен 53648,0 мың теңге (оқуға ақы төлеу 21434 теңге, стипендия 25138 теңге, жол жүру ақысы 9076 теңге, үйді жалдауға 11345 теңге) қаржы қаралып отыр.

Бағдарламаның екінші бағыты «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды несиелендіруге 80 адам жоспарланса, Кәсіпкерлік негізде оқытуға 230 адам жоспарланып отыр.  Қазіргі таңда кент, қала, ауылдық округтерден «Бастау-бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негізде оқуға 236 адам өтінштерін беруде.

Бағдарламаның үшінші бағыты «халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша  2018 жылы әлеуметтік жұмыс орнына 55 адамға жалақыны субсидиялауға           17021,0 мың теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға бүгінгі күнге 17 жұмыс берушімен келісім шарт жасалып, барлығы 79 адам әлеуметтік жұмыс орнына жіберілді.

Жастар тәжірибесіне 130 жас мамандарды жіберуге 46897,5 мың теңге қаралды. Қаралған қаржыға қазіргі таңда 76 адам жастар тәжірибесіне өз мамандықтары бойынша 6 ай мерзімге жолдама арқылы жіберілді, Жастар тәжірибесіне жіберілген жастардың басым көпшілігі білім саласы мен денсаулық саласын бітіргендер.

Ақылы қоғамдық жұмысқа жіберуге жергілікті бюджеттен 28761,0 мың теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда 282 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жіберіліп отыр.

2018 жылдың 01 сәуірінде аудан бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде 714 адам хабарласса, оның ішінде жұмысқа орналасқаны барлығы – 334 адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз, ресми жұмыссыздық деңгейі 2,7 пайыз болып отыр. Аудан бойынша жұмыссыздық саны – 940 адамды құрауда.

Жыл басынан бері 5 рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілген. Жәрмеңкеде 12 жұмыс берушілерден 60 бос жұмыс орындары түсіп, жәрмеңкеге  97 жұмыссыз адам қатысты, одан 60 адам тұрақты жұмысқа, 2 адам әлеуметтік жұмысқа, 5 адам жастар практикасына, 10 ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілсе,                 20 адам мамандардан керекті консультацияларын алды.

Аудан бойынша 2018 жылға 970 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған болса, 2018 жылдың 01 сәуіріне 279 жаңа жұмыс орны ашылып, одан тұрақты жұмысқа 279 адам жіберілген. Оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашылығы саласына – 44, өнеркәсіп – 1, құрылыс – 1, көлік және қоймалау – 20, көтерме және бөлшек саудамен айналысуға – 85, білім беру саласы бойынша – 27, денсаулық саласы бойынша – 22, экономикалық қызметтің басқа түрлері бойынша –79 орын.

Осы жылдың 01 сәуіріне 17 мүгедектер жұмыс іздеуші ретінде хабарласып, тіркелген. Одан жұмысқа орналасқаны 3 мүгедек, ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілгені 6 мүгедек, жастар практикасына жіберілгені 3 мүгедек, әлеуметтік жұмыс орнына 5 мүгедек жіберілді.




Жұмыспен қамту


(2017 жыл)

 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған әрбір Жолдауларында халықтың жұмыспен қамтылуын және олардың әлеуметтік қорғалуын, еңбек қатынастарын реттеу мәселелеріне айрықша мән беріп, елдегі халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға баса назар аударып келеді.

Бүгінде тұрақты экономикалық дамуды қалыптастыруда халықты еңбекпен қамту, еңбек өнімділігін арттыру, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік әріптестікті дамыту басым бағыттарының біріне айналды.

Ауданда осы бағытта бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Қызылорда облысының сатистика департаментінің мәліметіне сәйкес ауданда жұмыспен қамтылған халық саны 34475 адамды құрап, оның ішінде жалдамалы қызметкерлер саны-15923 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтылған азаматтар саны-18552 адам, жұмыссыздар-1833 адам.

         Қазалы ауданы бойынша  Халықты жұмыспен қамтудың 2017 жылға арналған Кешенді жоспары жасалып, облыстық  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсынылды.

Жыл басында берілген жоспарға сәйкес аудан бойынша 950 жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарланып, 12 айда  1257 жаңа жұмыс орындары ашылды.

2017 жылдың 12 айында жұмыс іздеуші ретінде-2976 адам хабарласып, жұмысқа 1177 адам  орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа 477 жұмыссыз адам жіберілді

 

Жұмыс беруші мекемелерден қызметкерлер санының немесе штат қысқартуға байланысты

 

Аудан бойынша жұмыс беруші Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 28 бап 2 тарау 2-ші тармақшасында

2) жұмыс беруші — заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші — жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкелетін өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуі кезінде алдағы уақытта жұмыскерлердiң жұмыстан босайтыны туралы, босатылатын жұмыскерлердiң лауазымдары мен кәсіптері, мамандықтары, бiлiктiлiгi және еңбекақы мөлшерi көрсетiле отырып, жұмыстан босатылуы мүмкiн жұмыскерлердiң саны мен санаттары туралы және олар жұмыстан босатылатын мерзiмдер туралы жұмыстан босату басталардан кемінде бір ай бұрын халықты жұмыспен қамту орталығына толық көлемде ақпарат беруге-деп көрсетілгендей жұмыс беруші мекемелерден қызметкерлер санының немесе штат қысқартуға байланысты мәліметтер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне беріп тұрады.

2017 жылдың 28 сәуірінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының Қызылорда облыстық филиалынан 1 адамның  жұмыстан қысқарып, жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде өтініш білдірді.

Жұмыстан қысқарып өтініш білдірген әрбір азаматқа Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы түсіндіріліп, оларға мекемелер мен кәсіпкерлерден түскен бос жұмыс орындары бойынша жұмыстар ұсынылып, сонымен қатар «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасына қатысуға ұсыныстар жасалады.

Жұмыстан қысқарған Аяпбергенова Рима қазіргі уақытта жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, зейнетақы төлем орталығы арқылы әлеуметтік төлемдерін алды.

Сонымен қатар Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясынан 2 жұмыскерлер штатының, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» акционерлік қоғамының-«ЖТ Қызылорда бөлімшесі» филиалынан  алдағы уақытта (Қазалы ауданының тұрғыны) 2 жұмыскерлер штатының  2017 жылдың 31 тамызынан бастап қысқарту қаупінде тұрғандығы жөнінде мәлімет келіп түсті. 

Бұл қысқартылатын 4 адамның  қазіргі күнге қайтадан басқа жұмысқа ауыстырылып, аталған мекемелерге жұмысқа алынып қалынған.

Ал, 2018 жылдың  қазан айында Қазалы аудандық медициналық жедел жәрдем стансасының бөлім меңгерушісі С.Қазыбаевтан арнайы хат алынды. Онда 2017 жылдың 18 қазан күні облыстық денсаулық сақтау басқармасының кәсіподақ ұйымының төрағасы Т.Көрегенов, облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері А.Д.Құрманғали, аудан әкімінің орынбасары С.Бабанаев, жұмыспен қамту орталығының директоры М.Бекмамбетов, аудандық аурухананың бас дәрігері К.Абилов, теміржол тораптық аурухананың бас дәрігері Қ.Ршымбетовтер жедел жәрдем қызметкерлерінің қатысуымен отырыс өткізген.

Отырыста мекемедегі барлық жұмыс атқаратын 25 кіші мейіркештің  тұрмысы төмен отбасы ретінде 10-ы  аталған мекемеде  қалдырылатын болып шешілген.

2017 жылдың 12 желтоқсаны күні «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қазалы аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның кадр жөніндегі маманы (Е.Досымбетов) алдағы  уақытта қалған 10 кіші мейіркеш  аудандық ауруханаға және оның құрылымдық бөлімшелеріне жұмыс жасауға ауыстырылса, қалған 5 кіші мейіркешке жұмысқа орналастыру қарастырылуда екендігін мәлімдеді.

Қазалы аудандық медициналық жедел жәрдем стансасынан жұмыстан қысқарған азаматтар  халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде өтініш білдірген жағдайда оларға «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша таныстырылып, өз кәсіптерін жүзеге асыруға мүмкіндіктері бар екендігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.


Аудандық жұмыспен қамту орталығы бойынша


(ІІ тоқсан) 

Бағдарламаның бірінші бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша 2017 жылы кәсіптік оқуға 150 адам оқыту көзделсе, қайта даярлау курсына 150 адамға бюджеттен 53648,0 мың теңге (оқуға ақы төлеу 21434 теңге, стипендия 25138 теңге, жол жүру ақысы 9076 теңге, үйді жалдауға 11345 теңге) қаржы қаралған. Қаралған қаржыға «Компьютерлік сауаттылыққа оқыту» мамандығы бойынша 40 адам, «Слесарь-сантехник» мамандығына 30 адам, «Ветеринарлық санитар» мамандығына 25 адам, «Аспазшы» мамандығына 37 адам, «Даяшы» мамандығына 18 адам оқыту жоспарланса, қазіргі таңда барлығы                   150 адамға толығымен жолдама беріліп, аталған мамандықтар бойынша оқытылуда.



Колледждердің атауы

Оқытылатын мамандық атауы

Оқытылатын адам саны /жоспар/

Оқуға жолданған адам саны

Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжі

Компьютерлік сауаттылыққа оқыту

40

40

Қазалы аграрлы техникалық колледжі

Слесарь-сантехник

30

30

Ветеринарлық санитар

25

25

Қазалы көлік техникалық колледжі

Аспазшы

37

37

Даяшы

18

18

Барлығы:

150

150

 

Бағдарламаның екінші бағыты «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды несиелендіруге 2017 жылы 281715,3 мың теңге қаржы қаралып отыр. атап айтқанда «Ауылшаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалы арқылы 165945,2 мың теңге, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 115770,1 мың теңге несие тарату жоспарлануда.

Қазіргі таңда, «Бастау-Бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негізінде оқып өз жобаларын қорғап шыққан 52 адамға, яғни «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы Микроқаржы ұйымы» 13 адамға,  «Ауылшаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалы 39 адамға несие беру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Кәсіпкерлік негізде оқытуға 2017 жылы 221 адам жоспарланса, орталық арқылы несие алуға өтініш білдірген жұмыссыз адамдар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың тізімдері аудандық кәсіпкерлік палатасына берілді. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсы «Бастау-Бизнес» жобасымен осы жылдың сәуір айымен қараша айында барлығы 6 топ бойынша оқыту көзделіп отыр.

Қазіргі таңда бірінші топ 5 сәуірде 40 адам оқуға жіберіліп, 5 мамыр күні оқуын бітіріп, 11 мамырда 34 адамның жобалары қорғалды. Қалған 6 адам белгісіз есептермен оқудан шығарылды. Жобаларын қорғап шыққан азаматтарға осы жылдың 29 мамыр күні аудан әкімінің қолымен арнайы сертификаттары табысталды.

Екінші топ – осы жылдың 15 мамырында 42 адамның тестілеу жұмыстары аяқталып, 23 мамырдан бастап кәсіпкерлік негізде оқытылып, 25 адам өз жобаларын қорғап шығып сертификаттарын алды.

Үшінші топ – осы жылдың 23 маусымында 43 адам тестілеуге қатысып, 38 адам тестілеуден өттіп, 03 шілдеден бастап оқытылады. Қалған азаматтар топтар бойынша кезең-кезеңімен оқытылатын болады.

Бағдарламаның үшінші бағыты «халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша  2017 жылы  әлеуметтік жұмыс орнына 50 адамға жалақыны субсидиялауға 15132,0 мың теңге бөлінді. (Бір айға орташа жалақы 65311 теңге. Жалақыға субсидия (35 пайыз) 22859 теңге құраса, (65 пайыз) яғни 42452 теңгені жұмыс беруші төлейді.) бөлінген қаржыға бүгінгі күнге 13 жұмыс берушімен келісім шарт жасалып, барлығы 67 адам әлеуметтік жұмыс орнына жіберілді, 6607,6 мың теңге игерілді.

100 жас мамандарды жастар тәжірибесіне жіберуге 34020,0 мың теңге қаралды. (Жалақы мөлшері 1 айға бір адамға 56725 теңге (25 АЕК). Қаралған қаржыға қазіргі таңда 118 адам жастар тәжірибесіне өз мамандықтары бойынша 6 ай мерзімге жолдама арқылы жіберілді. Жастар тәжірибесіне жіберілген жастардың басым көпшілігі білім саласы мен денсаулық саласын бітіргендер. Игерілген қаржы 19158,0 мың теңге. Келісім-шарт мерзімі біткеннен кейін 7 жас маман өз мамандығы бойыеша жұмысқа орналасты.

Ақылы қоғамдық жұмысқа 200 адам жіберуге жергілікті бюджеттен 27133,0 мың теңге қаржы қаралды. Бір айдағы жалақы 24459 теңге. Қазіргі таңда   245 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жіберіліп отыр. Игерілген қаржысы 12458,0 мың теңге. Келесім-шарты біткеннен кейін 2 жұмыссыз адам жұмысқа орналасқан.

2017 жылдың 01 шілдеге аудан бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде 1315 адам хабарласса, оның ішінде жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 856 адам хабарласқан. Жұмысқа орналасқаны барлығы – 508 адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайыз, ресми жұмыссыздық деңгейі 1,7 пайыз болып отыр. Аудан бойынша жұмыссыздық саны – 604 адамды құрауда.

Жыл басынан бері 11 рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілген. Жәрмеңкеде 38 жұмыс берушілерден 271 бос жұмыс орындары түсіп, жәрмеңкеге 402 жұмыссыз адам қатысты, одан 271 адам тұрақты жұмысқа, 5 адам әлеуметтік жұмысқа, 23 адам жастар практикасына, 18 ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілсе, 85 адам мамандардан керекті консультацияларын алды.

Аудан бойынша 2017 жылға 950 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған болса, осы жылдың 01 шілдесіне 503 жаңа жұмыс орны ашылып, одан тұрақты жұмысқа 470 адам, уақытша жұмысқа 40 адам жіберілген. Оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашылығы саласына – 76, өнеркәсіп – 5, құрылыс – 12, көлік және қоймалау – 15, көтерме және бөлшек саудамен айналысуға – 267, білім беру саласы бойынша – 34, денсаулық саласы бойынша – 7, экономикалық қызметтің басқа түрлері бойынша – 47 орын.

Осы жылдың 01 шілдесіне 27 мүгедектер жұмыс іздеуші ретінде тіркелген, одан жұмысқа орналасқаны 2 мүгедек, ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілгені  7 мүгедек, жастар практикасына жіберілгені 6 мүгедек, әлеуметтік жұмыс орнына  3 мүгедек жіберілсе, қайта даярлауға 5 адам, кәсіпкерлік негізде 4 мүгедек оқытылуда.

 

Қазіргі таңда, аудандық жұмыспен қамту орталығында жазасын өтеп келгендер мен пробация қызметінің есебінде тұрған 10 адам хабарласып, одан 9 адам жұмыс іздеуші ретінде тіркелген. Оның 6 адам тұрақты жұмысқа, 1 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолдама арқылы жіберілсе, 1 адам кәсіпкерлік негізде оқытылды, ал, 3 адам  орталық мамандар ұсынған жұмысқа барудан өз еріктерімен бас тартып қол хаттарын беріп отыр.

Ауданда міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесіне тартылатын адамдардың мәртебесін (статусын) анықтау жөнінде мемлекеттік органдардың дерекқорларымен сәйкестендіре отырып жұмыстар жүргізілді.

            Осыған байланысты мәлімет бойынша дерекқордағы зейнеткерлер, мүгедектер және әлеуметтік жәрдемақы алатын азаматтардың тізімі аудандық зейнетақы төлеу орталығына, қоныс аударған мен көшкендердің тізімі аудандық ішкі істер бөліміне, қайтыс болғандардың тізімі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне жоланып, дерекқор бойынша анықталған санаттағы азаматтардың сәйкестігі анықталды.

Атап айтқанда, ауданы бойынша 20102 адамның мәртебесін (статусын) анықтау қажет болса, бүгінгі күнге 20102 адам (100,0 пайыз), оның ішінде 2412 жұмыс істейтін азаматтар, өз бетінше жұмыс жасайтындар 200 адам, әлеуметтік төлемдер алатындары 139 адам, студенттер 492 адам, көшіп кеткендер 134 адам, қайтыс болғандар 68 адам, тіркелмеген жұмыссыздар 5830 адам, өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтығандар 4265 адам және басқада санаттар бойынша 369 адамның статусы анықталып, дерекқорға салынуда.

            Сонымен қатар, аудан бойынша статусы анықталған  өзін-өзі жұмыспен қамтыушы 200 адамның мекен-жайына Кірістер басқармасына тіркелу керектігі жөнінде хат арқылы қағаз жіберілді.




«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы бойынша 2017 жылдың 01 сәуіріне атқарылған жұмыстар туралы анықтама


 

«Қазалы ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының» КММ–нің 2017 жылғы қаржылық жоспарында 104534,0 мың теңге қаралып, 01 сәуірге жоспар 20041,0 мың теңге, одан 19934,5 мың теңге игеріліп, бюджеттік қаржының атқарылуы  99,5% құрады.

Бағдарламаның бірінші бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша 2017 жылы кәсіптік оқуға 150 адам оқыту көзделсе, қайта даярлау курсына бюджеттен 53648,0 мың теңге (оқуға ақы төлеу 21434 теңге, стипендия 25138 теңге, жол жүру ақысы 9076 теңге, үйді жалдауға 11345 теңге) қаржы қаралған.  Қаралған қаржыға 150 адам оқыту жоспарлануда. Атап айтқанда, осы жылдың 03 сәуірден бастап аспазшы мамандығына – 38 адам, компьютер ЭВМ мамандығына – 20 адам, 15 сәуірден бастап компьютер ЭВМ – 20 адам, даяшы мамандығына – 15 адам оқтылатын болса, мамыр айынан бастап ветеринариялық санитар мамандығына – 22 адам, сантехник мамандығына – 35 адам оқыту көзделіп отыр.

Бағдарламаның екінші бағыты «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша 2017 жылы 34 адамға мал шаруашылығымен, ауыл шаруашылығымен, жүк көлігі тасымалымен, жолаушылар тасымалымен айналысу үшін несие беру жоспарлануда.

Кәсіпкерлік негізде оқуға 221 адам жоспарланса, орталық арқылы несие алуға өтініш білдірген кәсіпкерлер мен жұмыссыз адамдардың тізімдері аудандық кәсіпкерлік палатасына берілді. Қазіргі таңда барлық ауылдық округтерді арлауға орталықтан бір маман бөлініп, кәсіпкерлік палатасы арқылы оқытылатын адамдардың тізімдері жинақталуда, осы жылдың 4 сәуірінен бастап 37 адам кәсіпкерлік негізде оқытылады.

Жалпы, аталған бағдарлама шеңберінде 2011-2016 жылдары 491 адамға 1 млрд. 166 млн.теңге несие беріліп, несие алған кәсіпкерлер 279 адамды тұрақты жұмыспен қамтыды. Несие алғандардың ішінде Мемлекеттік кірістер басқармасына кәсіпкер ретінде 486 адам тіркелді.

Бағдарламаның үшінші бағыты «халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша  2017 жылы  әлеуметтік жұмыс орнына 50 адамға жалақыны субсидиялауға 15132,0 мың теңге бөлінді. Бір айға орташа жалақы 65311 теңге. Жалақыға субсидия (35 пайыз) 22859 теңге. Осы жылдың 01 сәуіріне 13 жұмыс берушімен келісім шарт жасалып, барлығы 63 адам әлеуметтік жұмыс орнына жіберілді және  2240,2 мың теңге қаржы игерілді (97,8 пайыз).

2017 жылы 100 жас мамандарды жастар тәжірибесіне жіберуге 34020,0 мың теңге бөлінді. Жалақы мөлшері 1 айға бір адамға 56725 теңге (25 АЕК). Осы жылдың 01 сәуіріне 69 адам жастар тәжірибесіне жіберілді және 4866,1 мың теңге қаржы игерілді (99,7 пайыз).

2017 жылы 200 адам ақылы қоғамдық жіберуге жергілікті бюджеттен 27133,0 мың теңге қаржы қаралды. Бір айдағы жалақы 24459 теңге. Осы жылдың 01 сәуіріне 139 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілді және 4892,0 мың теңге қаржы игерілді (100 пайыз).

2017 жылдың 01 сәуіріне аудан бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде 778 адам хабарласса, оның ішінде жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 491 адам хабарласқан. Жұмысқа орналасқаны барлығы – 310 адам (39,8 пайыз). Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайыз, ресми жұмыссыздық деңгейі 1,0 пайыз болып отыр. Аудан бойынша жұмыссыздық саны – 377 адам.

Жыл басынан бері 5 рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілген. Жәрмеңкеде 18 жұмыс берушілерден 119 бос жұмыс орындары түсіп, жәрмеңкеге 178 жұмыссыз адам қатысты, одан 119 адам тұрақты жұмысқа, 3 адам әлеуметтік жұмысқа, 11 адам жастар практикасына, 10 ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілсе, 35 адам мамандардан керекті консультацияларын алды.

Аудан бойынша 2017 жылға 950 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған болса, осы жылдың 01 сәуіріне 224 жаңа жұмыс орны ашылып, одан тұрақты жұмысқа 194 адам, уақытша жұмысқа 30 адам жіберілген. Оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашылығы саласына – 15, өнеркәсіп – 2, құрылыс – 1, көлік және қоймалау – 1, көтерме және бөлшек саудамен айналысуға – 140, білім беру саласы бойынша – 24, денсаулық саласы бойынша – 2, экономикалық қызметтің басқа түрлері бойынша – 9 орын.

Осы жылы 11 мүгедектер жұмыс іздеуші ретінде тіркелген, одан жұмысқа орналасқаны 2 мүгедек, ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілгені 6 мүгедек, жастар практикасына жіберілгені 1 мүгедек, әлеуметтік жұмыс орнына 2 мүгедек жіберілді.

Қазіргі таңда, аудандық жұмыспен қамту орталығында жазасын өтеп келгендер мен пробация қызметінің есебінде тұрған 4 адам хабарласып, жұмыс іздеуші ретінде тіркелген. Оның 3 адам тұрақты жұмысқа, 1 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолдама арқылы жіберіліп отыр.


Кіру

×