ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Қоғам
Билік
Қоғам
Басты бет Қоғам Әлеуметтік қолдау

Әлеуметтік қолдау

Қазалы аудандық жұмыспен қамту,  әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі  бойынша 2019 жылдың І-тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы 


Жекелеген санаттар үшін әлеуметтік көмектер


Қазалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 12 ақпандағындағы №274 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың шешіміне сәйкес жекелеген санаттар үшін Жеңістің 74 жылдығы мерекесіне орай біржолғы әлеуметтік көмектерге 2019 жылға облыстық бюджеттен 53505,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 4823,0 мың теңге барлығы 58328,0 мың теңге қаралып, 2019 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлерінің шектелген контингентерінің Ауғанстан демократиялық Республикасынан шығарылуына 30 жыл толуына орай Ауғанстан соғысының қатысушыларына әлеуметтік қолау мақсатында 28 азаматқа облыстық және аудандық бюджеттен барлығы  4949,0 мың теңге тағайындалып төленді.

Қазақстан Республикасының құрметті атағын алған 5 адамға әрқайсысына ай сайын 7575 теңге (3,0 есе АЕК) әлеуметтік көмек төлену үшін 2019 жылға 455,0 мың теңге қаржы қаралып, осы жылдың І-тоқсанына 5 адамға 113,6 мың теңге әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.

 

«Мүгедектерді жеке оңалту» бағдарламасына байланысты

атқарылған жұмыстар

«Мүгедектерді жеке оңалту» бағдарламасына байланысты әлеуметтік қорғау, әлеуметтік көмек көрсету, медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту, білім беру және олардың қоғам өміріне басқа азаматтармен бірдей белсене қатысуына мүмкіндіктер жасауға арналған жұмыстар атқарылуда.

2019 жылдың 3 айында «Талсуат» елді мекенінде орналасқан «Мүгедектерге арналған оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесіне жеке оңалту парағы бойынша жолдамамен 15 мүгедек дем алуға жіберіліп, өз денсаулықтарын жақсартты.

 2019 жылға Мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес республикалық бюджеттен 30968,0 мың теңгенің және жергілікті бюджеттен 23557,0 мың теңге қаржы қаралып, жеке оңалту парағы толтырылған барлығы 491 мүгедекке гигиеналық құралдар тоқсан сайын таратылып берілуде; оның ішінде жөргек (памперс) – 289,сіңіргіш жаймалар (жаялықтар) – 89 адамға, иісті бейтараптандырғыш – 3 адамға, сіңіргіш ұнтақ (ОПА) – 3 адамға, теріні тазартқыш –56 адамға, стоманың айналасындағы теріні қорғау және тегістеуге арналған паста-герметик – 5 адамға, несепқабылдағыш – 3 адамға, нәжісқабылдағыш – 6 адамға, қорғаныш крем –5 адамға, санитарлы құрылғысы бар кресло орындық – 32 адамға  таратылды.

Мүгедектердің жеке оңалту парағына сәйкес протезді-ортопедиялық: таяқ – 26, балдақ – 3, үлкендерге және балаларға арналған жетек арба – 3, жейде киюге арналған құрылғы – 2, колготки киюге арналған құрылғы – 2,  түйме тағуға арналған құрылғы – 2 адамға,белсенді ұстағыш – 2 адамға, барлығы – 42 құрылғылар  таратылды.

Тифлотехникалық: сөз шығаратын термометр – 3, сөз шығаратын тонометр – 1, ине сабақтағыш - 3  адамға, барлығы 7 құрылғы таратылып берілді.

Арнаулы жүріп-тұру құралдары: үлкендерге арналған бөлмелік кресло-арба – 5,  барлығы – 5 жүріп-тұру құралдары таратылып берілді.

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру жөнінде бекітілген іс-шаралары  бойынша  2019 жылға 30 мүгедек жоспарланған. Аудан бойынша мүгедектердің  жұмыс іздеуші ретінде хабарласқаны жалпы саны 16 мүгедек, оның ішінде 3 мүгедек тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіліп, 2 мүгедекке шағын несие берілсе, 6 мүгедек  ақылы қоғамдық жұмысқа, 1 мүгедек жастар тәжірибесіне, 4 мүгедек әлеуметтік жұмыс орнына жіберілді.


Мүгедектерге кедергісіз орта қалыптастыруға байланысты

атқарылған жұмыстар туралы

Мүгедектердің, оның ішінде кресло-арбамен жүретіндердің әлеуметтік, көлік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарына кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында181 нысанға кезең-кезеңімен түгендеу (паспорттау) жүргізілді.

Түгендеу жүргізілген нысандардың ішінен қазіргі кезде 165 бейімдеуге жататын мекеме мен кәсіпорындардың тізімі нақтыланып, мемлекеттік стандартқа сәйкес пандустар және қабылдауға келген мүгедектерге бөлім қызметкерлерін шақыру үшін арнайы мүгедектерге арналған шақыру тетігі орнатылып, кедергісіз орта қалыптастырылған.

2019 жылдың 29 наурызында «Ауданда мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартуда атқарылып жатқан жұмыстар туралы» аудан әкімі жанындағы «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы» үйлестіру кеңесінің отырысы аудан әкімінің орынбасарының төрағалығымен өткізіліп, тиісті бөлімдер мен кәсіпорындарға тапсырмалар берілді.


Әлеуметтік қолдау

2019 жылдың 3 айында аудан бойынша 235 аз қамтамасыз етілген тұрмысы төмен отбасылары мен мүгедектерге 3250,0 мың теңгеге қаржылай және азық-түлі, қатты отыннан  беру арқылы қайырымдылық көмектері көрсетілді.

1 – наурыз «Алғыс айту» күніне орай Әйтеке би кентіндегі Жанқожа батыр атындағы мешітінде «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық акциясы өткізіліп, 101 тұрмысы төмен, көпбалалы отбасылары, жетім, жартылай жетім, толық емес отбасыларына әр қайсысына 20,0 мың теңге, барлығы 2,0 млн.теңге көлемінде   қайырымдылық көмек көрсетілді.

8 - наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне байланысты аудандық Р.Бағланова атындағы мәдениет үйінде  «Ана – өмір шуағы» атты салтаннатты шара болып өтті. Салтанатты шараға 200-ден аса әйелдер, олардың ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, Еңбек ардагерлері, Батыр аналар, білім және денсаулық саласының ардагерлері, түрлі салада еңбек етіп жүрген аналар қатысты. Қатысушылардың барлығына аудан әкімінің арнайы сыйлықтары мен гүл шоқтары табыс етілді.

«Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы 8- наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында  мүгедек бала тәрбиелеп отырған 3 отбасындағы аналарды  құттықтап, олардың әрқайсысына 8,0 мың теңге көлемінде сый-сияпат жасады.

Сонымен бірге «Мейірім» қайырымдылық клубы мүгедек бала асырап отырған 23 ананы қайырымдылық дастарханына шақырып, 60 мың теңге көлемінде сый-сияпат жасады.

Әйтеке би кенті әкімдігінің  ұйымдастыруымен 18 тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларына кәсіпкерлердің демеушілігімен 360,0 мың теңге көлемінде азық-түліктен және 2  отбасына әрқайсысына 1 тоннадан 32,0 мың теңгеге қатты отыннан қайырымдылық көмек көрсетілді.

Қайырымдылық көмек сұраған 3 тұрмысы төмен   отбасына 70,0 мың теңге көлемінде қаржылай және азық-түліктен мекемелер қайырымдылық көмек жасады.

  

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жұмыс

2019 жылы мүгедектерді тасымалдау үшін «Инватакси», жүріп–тұруы қиын                 І–топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің қызметін және ымдау тілі маманының қызметіне қызметіне бөлінген қаржыға «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес «Қазақ соқырлар қоғамы Қазалы соқырлар қоғамдық бірлестігі» жеңімпаз болып, төмендегідей жұмыстар жүргізілді.

2019 жылға «Инватакси» қызметіне 2634,0 мың теңгеге қаржы қаралып, 2019 жылдың 3 айында  мүмкіндігі шектеулі жандардан 159 тапсырыс қабылдап, 375,0 мың теңгенің қызметін көрсетті. 

Жүріп – тұруы қиын І – топтағы  мүгедектер үшін жеке көмекшінің қызметіне 2019 жылға 47666,0 мың теңге қаралып, І-тоқсанда келісім шарт арқылы                         жүріп – тұруы қиын І – топтағы 139 мүгедекке 123 жеке көмекшінің қызметіне 6525,0 мың теңге төленді.

Ымдау тілі маманының қызметіне 2019 жылға Республикалық бюджеттен-2005,0 мың теңгеге, аудандық бюджеттен 2087,0 мың теңге барлығы 4092,0 мың теңге қаржы қаралып, осы жылдың 3 айында 8 естуі бойынша мүгедектерге көрсетілген  ымдау тілі маманының қызметіне 440,0  мың теңге қаржы төленді.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға және тұрмысы төмен отбасыларына әлеуметтік жағдайы жағынан төмен отбасыларын қолдау мақсатында шаралар ұйымдастыру үшін «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігі жеңімпаз атанып, 2019 жылдың 21 наурыз мерекесінде 300 отбасына 150,0 мың теңгеге Наурыз көже қайырымдылық дастарханы ұйымдастырылды. 

Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде арнаулы әлеуметтік

қызмет көрсету бөлімшесі бойынша атқарылған жұмыстар

         Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 бұйрығымен бекітілген «Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына» сәйкес мүмкіндігі шектеулі жандарға 8 қызмет түрі көрсетіледі.

         «Мүгедектерді оңалту бағдарламасына» сәйкес жеке оңалту парағы берілген 136 мүгедек балаға үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілуде.

           Жыл басынан бері жеке оңалту парағы берілген  9 мүгедек бала есепке алынып, олардың әрқайсына айқындау  және бағалау қорытындысына сәйкес және баланың қабілетіне қарай жеке жеке жұмыс жоспары жасалып бекітіліп берілді.

        Ай сайын жасалынған жеке жұмыс жоспарына сәйкес тоқсан сайын жеке жұмыс жоспарындағы өзгерістердің қорытындысын алып мониторинг жасалып  отырады.

        Бөлім балансындағы шағын автобус (Газель) үйден арнаулы әлеуметтік қызмет алушы балаларды емдеу орындарына апарып, алып келеді.

        Аудандық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мекемесінің ұйымдастыруымен үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілетін балалар арасында «Ән мен күй – халық қазынасы» атты ән байқауы ұйымдастырылып, үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алатын 5 бала қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

Кадр жұмысы және қызметкерлердің

білімін  көтеру  туралы

  2019 жылдың І-тоқсанында «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалына» сектор меңгерушілері Ө.Кетебай «Жобалық басқару. Scrum әдістемесі», Г.Тынымбаева «Мемлекеттік сектордағы тиімділікті басқару» тақырыбында, жетекші маман Ж.Сырымова «Мінез-құлық психологиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында, әлеуметтік қызметкерлер Г.Жалмагамбетова, Д.Турумбетова, Э.Кожасова «Әлеуметтік қызметкердің негізгі міндеттері және жұмыс бағыттары туралы» тақырыбында оқу семинарына қатысып келді.

   

Әлеуметтік төлемдер секторы бойынша

2019 жылы атаулы әлеуметтік көмекке 181183,0 мың теңге қаржы бөлініп, үстіміздегі жылдың 1-тоқсанына  атаулы әлеуметтік көмек 129 отбасының 677 мүшесіне 9992,8 мың теңге тағайындалып, 188 отбасының 1005 мүшесіне 16000,0 мың теңге төленді, оның ішінде 2018 жылға 57 отбасының 314 мүшесіне 6213,2 мың теңге.

Аз қамтамасыз етілген тұрмысы төмен отбасыларына  тұрғын үй көмегіне  2019 жылға 13394,0 мың теңге қаржы бөлініп, үстіміздегі жылдың  1-тоқсанына  тұрғын үй көмегіне 69 отбасына 2190,0 мың теңге  тағайындалып, төленді.

Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға қосымша тамақтануға  берілетін әлеуметтік көмекке 2019 жылға 36663,0 мың теңге қаржы қаралып, үстіміздегі жылдың 1-тоқсанына 117 азаматқа 6653,8 мың теңге тағайындалып, төленді.

Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулармен ауырып, диспансерлік есепте тұрған балаларға дәрі-дәрмектер сатып алу үшін 2019 жылға 921,0 мың теңге қаржы қаралып,  үстіміздегі жылдың 1-тоқсанына 57,6 мың теңге тағайындалып, төленді.

Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін  2019 жылдың 1-тоқсанына 61 балаға 1222,3 мың теңге тағайындалып, төленді.

Жұмыспен қамту секторы бойынша

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған әрбір Жолдауларында халықтың жұмыспен қамтылуын және олардың әлеуметтік қорғалуын, еңбек қатынастарын реттеу мәселелеріне айрықша мән беріп, елдегі халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға баса назар аударып келеді.

Бүгінде тұрақты экономикалық дамуды қалыптастыруда халықты еңбекпен қамту, еңбек өнімділігін арттыру, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік әріптестікті дамыту басым бағыттарының біріне айналды.

Ауданда осы бағытта бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Қызылорда облысының сатистика департаментінің мәліметіне сәйкес ауданда жұмыспен қамтылған халық саны 33 515 адамды құрап, оның ішінде жалдамалы қызметкерлер саны -16554 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтылған азаматтар саны – 16961 адам, жұмыссыздар – 145 адам.

Қазалы ауданы бойынша  Халықты жұмыспен қамтудың 2019 жылға арналған Кешенді жоспары жасалып, облыстық  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсынылды.

Жыл басында берілген жоспарға сәйкес аудан бойынша 850 жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарланып, 2019 жылдың  1-ші сәуіріне  207 жаңа жұмыс орындары ашылды.

2019 жылдың 1-ші сәуіріне жұмыс іздеуші ретінде 553 адам хабарласып, жұмысқа 174 адам  орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа 257 жұмыссыз адам жіберілді. Жастар тәжірибесіне 88 адам және әлеуметтік жұмыс орнына 78 адам жіберілген.


Еңбек қатынастарының жай-күйі және айлық жалақы бойынша

қарыздар туралы

Аудан көлемінде орналасқан мекемелер мен кәсіпорындардан жалақыға қарызын анықтау үшін аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу  бөлімі арқылы ай сайын 60 мекемеден (жұмысшы қызметкерлер саны – 3058) 3-ТН есебі алынып тұрады.

Жинақталған мәлімет бойынша 2019 жылдың 1-ші сәуіріне еңбек ақыға қарызы бар  мекемелер жоқ екендігі анықталып отыр.


Бірыңғай жиынтық төлем туралы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 26 желтоқсандағы №203-VI Қазақстан Республикасының Заңымен 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірыңғай жиынтық төлем енгізілді.

Қазіргі таңда аудан бойынша «Мониторинг» дерекқорында (базада) бірыңғай жиынтық төлем төлейтін азаматтардың тізімі жасақталып, аудан әкімінің орынбасарымен бекітіліп, 2019 жылға барлығы  840 адамға жоспар құрылып,  қала, кент және ауылдық округтер бойынша  төлемдер жүргізілуде. Соған сәйкес күнделікті қала, кент және ауылдар бойынша мәлімет жинақталып,   бүгінгі   күнге     барлығы  113 адамға бірыңғай жиынтық төлем аударылды.


Ұжымдық шарт туралы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы: «Азаматтық қоғамға ықпал ететін құралдардың бәрінен де кәсіподақтардың рөлі ерекше маңызды. Күшті кәсіподақ ұйымын құра отырып, жұмысшылар жұмыс берушімен тепе-тең сөйлесе алады»-деп «Ұжымдық шарт жасаңыздар!» атты жалпы республикалық акцияға бастама көтерді.

Акцияға байланысты мекемелер мен кәсіпорындарда, кәсіпкерлік субьектілерінде өткен жылы 2016-2019 жылдарға арналған   ұжымдық шарттар 220 мекемеде  жасалынды.

Қабылданған ұжымдық шарттарда міндеттемелер, бақылау және тараптар жауапкершілігін мекеме және кәсіподақ  шартты орындауды, тартысты болдырмауды, түсініспеушілікпен қарауды міндетіне алып, келісім комиссиясы арқылы сөйлесу және кеңес арқылы шешу көрсетілген.  

Аудан әкімдігі жанынан әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үш жақты комиссиясы құрылған. Аудан әкімінің өкімімен бекітілген әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үш жақты комиссиясы бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес 1 рет отырыс өткізілді.

Қазалы ауданында қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық – құқықтық ықпал етудің шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаны өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Қазалы ауданы әкімдігінің жанындағы консультациялық-кеңесші органы құрылған, 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес жыл басынан бері 1 рет кезекті отырыстары өткізіліп, 2019 жылға жұмыс жоспары бекітіліп, аудандық халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша белгіленген квотаға сәйкес және квотадан тыс жұмысқа орналастыру, медициналық көмек көрсету, спорттық мәдени шараларға қатыстыру және әлеуметтік көмек көрсетіп отыру жұмыстары тапсырылып, жұмыстар жүргізілуде.

 Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған 4 азамат қоғамдық жұмысқа баруға ниет білдіріп, ақылы  қоғамдық негіздегі жұмысқа жіберілді.

Ал пробация қызметінің есебінде тұрған 1 азамат «Қазалы тынысы» ЖШС-не жұмысшы болып жұмысқа орналасты.

Алдағы уақытта, жазасын өтеп келгендер мен пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыруға болмаса, ақылы қоғамдық жұмысқа жіберуге және бағдарламаға қатыстыруға жұмыстар жүргізіле беретін болады.


Азаматтық хал актілерін тіркеу секторы бойынша

АХАТ секторымен 2019 жылдың І-тоқсанында тіркелген азаматтық хал актілерінің жалпы саны - 638,  оның ішінде туу - 338, қайтыс болу - 109,  неке қию - 145, неке бұзу - 23, әкелікті анықтау - 17, бала асырап алу - 2, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту– 4,  кәмелетке толмаған балалардың тегін, атын өзгерту - 2, азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу – 3,  азаматтық хал актілерін жою – 0, қайталама куәліктер мен анықтамалар - 132, ЭҮП арқылы - 51, өндірілген баж алымы – 666 554,50 тг .

 Азаматтық хал актілерін тіркеу секторы 10 түрі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, туу, қайтыс болу, неке қию, неке бұзу, әкелікті анықтау, бала асырап алу, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту, қалпына келтіру, қайталама куәліктер мен анықтамалар беру, азаматтық хал актілерін жою.

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу бойынша функцияларды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына беру бойынша пилоттық жобасы шеңберінде өзара іс-қимыл және ынтымақтастық тәртібі бойынша АХАТ секторының 1 қызметкері 2018 жылдың мамыр айының 16-нан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Қазалы аудандық бөлімінде туу, қайтыс болу, некені бұзу, тегін,атын, әкесінің өзгерту туралы акт жазбаларын тіркеуде.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы мәлімет.

        Қызмет түрі

Қазалы

2019 ж.

барлығы

оның ішінде

ГО

ЦОН

ПЭП

туу

330

0

222

108

неке қию

145

40

0

105

неке бұзу

48

0

46

2

асырап алу

2

2

0

0

әкелікті анықтау

17

17

0

0

атын өзгерту

6

0

6

0

қайтыс болу

111

0

111

0

қайталама

207

0

156

51

қалпына келтіру

0

0

0

0

азаматтық хал актілерін жою

0

0

0

0

БАРЛЫҒЫ

866

59

541

266

     

       Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасарымен бекітілген  «АХАТ ТП»  ақпараттық  жүйесіне тіркелген мәліметтерді өзектендіру жөніндегі жол картасы (одан әрі-Жол картасы) негізінде «Е-АХАТ» электронды мұрағаты жазбаларына өзектендіру жұмыстарын жүргізу шілде - желтоқсан айы аралығына белгіленген.

      Түзету – өзектендіру жұмыстары аяқталғаннан  кейін, азаматтардың жеке деректері мемлекеттік органдардың «АХАЖ АЖ-не» және «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорымен ықпалдастырылған ақпараттық жүйелеріне берілетін болады.

      1938-2008 жылдар аралығында 300342 акт жазбаларын  «Е-АХАТ» электронды мұрағатын қорын дайындауға сканерленген  жазбалардың дұрыс енгізілмеуіне байланысты, өзектендіру- түзету жұмыстары күн сайын жүргізілуде.

Кіру

×