ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Құқық
Экономика
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Инфрақұрылым Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы

«Қазалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі  және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2018 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы


Ауыз су: Қазалы ауданы, Бекарыстан би, Жанқожа батыр,  Майдакөл ауылына және Жалпақ елді мекенінің тұрғын үйлердің шекараларына дейін ауыз су құбырын жеткізіп

беру мақсатында, жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге жергілікті бюджеттен қажетті қаржы көлемі (20,3 мың теңге) бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу процедуралары  жүргізілуде.

        Аудан орталығынан 110-130км қашықтықта орналасқан Шәкен, Шилі елді мекендеріне ауыз су желісін жеткізу үшін Арал ауданының Тоқабай елді мекеніне ауыз су желісін жеткізу үшін дайындалып жатқан жобаға,елді мекенннен 25 шақырым қашықтықта орналасқандығын ескеріп Тоқабай-Шәкен-Шилі бағытында жүргізу жұмыстары қарастыру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Қазалы қаласы мен Әйтеке би кенті бойынша ауыз су желісі жүргізілмей қалған тұрғын үйлердің санын анықтау мақсатында түгендеу жұмыстары жүргізіліп, нақтыланған тізімдеме жасалып, «Қазалы ауданы Әйтеке би кенті және Қазалы қаласының сумен қамту жүйелерінің құрылысын салу және кеңейту» жобасына  енгізу үшін «Қазсушар» РМК «Арал» СЖКБД директоры И.Оңғарбаевқа 01.02.2018 жылы ұсыныс хат жолданды. 

********

            Электр желісі: Қазалы ауданы, Майдакөл, Бозкөл, Басықара елді мекендерінің тозығы жеткен трансформатор қондырғыларын ауыстыру мақсатында жергілікті бюджеттен қажетті қаржы көлемі бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.


********

         Газдандыру:Әйтеке би кентіндегі тұрғын үйлерге газ құбырларын жүргізуге жоба сметалық құжаттарын әзірлеу үшін жергілікті бюджеттен қажетті қаржы көлемі (1 200,0 мың теңге) бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жеңімпаз ЖШС "ЖилСтройИнжиниринг" мекемесі жобалау жұмыстарын жүргізуде

        Қазалы ауданының қаржы бөлімінің (1 500,0 мың теңге) және Қазалы ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарлама және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің (2 500,0 мың теңге) пайдаланымдағы бу қазандықтарын газ өнімдеріне қайта бейімдеу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттама әзірлеуге аудандық бюджеттен қажетті қаржы көлемі бөлінді.

            Бүгінгі күнде, мемлекеттік сатып алу процедуралары аяқталып, жеңімпаз ЖШС "КБ СПЕЦСТРОЙСЕРВИС" мекемесі жобалау жұмыстарын жүргізуде.

********

Жылу жүйесі: Әйтеке би кентіндегі көп қабатты тұрғын үйлер мен мекемелерге  (Т. Бөрқұлақов - Жанқожа батыр көшесі бұрылысындағы - 5, Жанқожа көшесі бойындағы - 3, Үмбет би көшесіндегі – 2, Әйтеке би көшесіндегі – 5  екі қабатты тұрғын үйлер мен «РЗА» АҚ-ның көне ғимараты) орталықтандырылған жылу жүйесін тарту үшін қосымша орталық жылу тарату пункті(ЦТП) мен жылу желілерін жасау үшін жобалау іздестіру жұмыстарын (ПИР) жүргізілді. жоба-сметалық құжаттамысына қажетті қаржы көлемі анықталып (14 251,9 мың теңге), облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасына ұсыныс әзірленуде.


********

Автомобиль жолы: Аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан 2018 жылы «Қазалы-Көларык-Бекарыстан би-Жанакурылыс» 0-33 км, «Қазалы айналма жолдарын» орташа жөндеу 0-5 км, «Самара-Шымкент-Байкожа» 0-2 км, «Әйтеке би кенті-Басықара-Водокачка» 0-9 км, «Әйтеке би кенті-Қазалы-Шұғыла» 4 км, Әйтеке би кентіне кіре беріс 4 км аудандық маңыздағы автомобиль жолдарына және елді мекен ішілік жолдарға жобалық зерттеу жұмыстары жүргізілуде (жоба құны 8535,0 теңге). Сонымен қатар, бюджеттен бөлінген 4000,0 теңгеге аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын қысқы маусымда (қаңтар айы) күтіп ұстау жұмыстары атқарылды. Абай ауылындағы Сырдария өзіні бойыншағы қалқымалы көпірді күтіп ұстауға жылда қаржы бөлініп, атқарылған жұмыстар нәтижесі бөлім тарапынан қадағаланып отырады. Осы жұмыстарды жалғастыру мақсатында 2018 жылға 3400,0 мың теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесімен «Қазалы Жолаушы» ЖШС-і жеңімпаз болып танылды. Бүгінде аталмыш мекемемен келісім шарт жасалды (№27, 06.03.2018 жыл). Сонымен қатар, қалқымалы көпірде барлығы 25 қайық болса, соның бесеуін ағымдағы жөндеуге аудандық бюджеттен 7,5 млн теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алудың нәтижесімен «Қазалы тұлпары» ЖШС-і жеңімпаз болып танылып, 5 қайықты жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жолаушылар тасымалы: 2017 жылғы 24 қазанда






«Қазалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі  және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2017 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы


Көлік және жолдар

    «Қазалы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде», яғни ауданның коммуналдық  меншігінде барлығы 402 км аудандық маңыздағы автомобиль жолдары бар, оныңішінде: 137 км асфальтты, 184 км қиыршықтастыжәне 81 км топырақтыжолдар.

Бүгінгі күні Қазалы ауданында Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және  елдімекен ішілік автомобиль жолдарының барлық ұзындығы 349,645 км-ді құрайтын 424 көше жолтораптары бар. Оның ішінде:

Әйтеке би кентінде барлығы 185 көше-жолтораптары орналасқан. Барлық ұзындығы 121,45 км-ді құрайды. Оның 32 көшесі толық асфальттаудан өткізіліп (33,7 км), қалған 153 көше (87,75 км) қиыршық тасты және топырақ қабатына жатқызылған.

Қазалы қаласы бойынша барлығы 49 көше-жолтораптары бар. Барлық ұзындығы 45,475 км-ді құрайды. Оның 15 көшесі (14,2 км) асфальттанған, қалған 34 көше (31,275 км) қиыршық тасты және топырақ қабатты.

Елдімекендер бойынша барлығы 190 көше-жолтораптары бар. Барлық ұзындығы 182,72 км-ді құрайды. Оның 24 көшесі (22,49 км) асфальттанған, қалған 179 көше (160,23 км) қиыршық тасты және топырақ қабатты.

Кент, қала, ауылдық округтердің көше жолтораптары жағдайының бүгінгі күнгі көрсеткіші: Жақсы жағдайда – 20 (71,6 км) пайызды, қанағаттанарлық жағдайда – 6 (21,08) пайызды, нашар жағдайда 74 (259,85 км) пайызды құрап отыр.

Жоғарыда аталған елдімекен ішілік көше автомобиль жолдарын жақсарту мақсатында жылсайын облыстық,  республикалық бюжеттерге тиісті ұсыныстар беріліп келеді. Бүгінгі күнге аудандық маңыздағы жолдарды жөндеуге, қайта жаңғыртуға барлығы  365 063,0 мың тенге бөлініп отыр. (барлық ұзындығы 10шқ. құрайды).

2017 жылы іске асырылып жатқан,  жоспарланған жобалар.

Облыстық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылған «Бозкөл-Тасарық» аудандық маңыздағы автомобиль жолының 0-22 шқ. темір бетон көпірінің құрылысына  103323,0 мың теңге қаржысы   бөлінді. Бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізіліп конкурс қортындысы бойынша «Жылу-ХХІ» ЖШС жеңімпаз болып танылып бүгінгі күні құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

- Өркендеу ауылына кіре беріс автомобиль жолының 0-5,65 шқ. қүрделі жөндеуге (жоба құны -352 090 мың тенге). -184,756 млн. тенге. Бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізіліп конкурс қортындысы бойынша «Строй модуль-Астана» ЖШС жеңімпаз болып танылып бүгінгі күні  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.(нысан өтпелі).

 

-«Қазалы-Қожабахы-Бозколь-Каукей» автомобиль жолының 39-42 км автомобиль жолының орташа жөндеу  жұмыстарын аяқтауға -35,666 млн. теңге бөлініп, бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізіліп конкурс қортындысы бойынша «Строй модуль-Астана» ЖШС жеңімпаз болып танылып, бүгінгі күні  орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып жол пайдалануға берілді.

Қазалы ауданы Түктібаев ауылының Айдай Жұбатырова, Алға, Жаңабасшылық, Әбдіразақов көшелерін орташа жөндеуге 56 777,0 мың теңге қаржы бөлініп мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде «Шыңғыс LTD» ЖШС жеңімпаз болып танылып бүгінгі күні жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудандық бюджеттен  Қазалы ауданы аудандық маңыздағы Қожабақы-Бекарыстан би автомобиль жолын орташа жөндеуге 20 868,0 мың теңге қаржы бөлініп мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінеде «Шыңғыс LTD» ЖШС жеңімпаз болып танылып бүгінгі күні жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарына 80,436 млн. теңге қаралып,бүгінгі күні  тиісті жұмыстар атқарылды.

Оның ішінде:

  3 850,0 мың тенгеАудандық маңыздағы автомобиль жолының бойындағы Абай ауылының тұсынан өтетін Сырдария өзеніндегі қалқымалы көпірді күтіп ұстау жұмыстарына.

15650,0 мың тенге   «Қазалы-Көларық-Бекарыстанби-Жаңақұрылыс» аудандық маңыздағы автомобиль жолының 0-33 шақырымын ағымдағы жөндеу жұмыстарына.

25668,0 мың тенге  «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» аудандық маңыздағы автомобиль жолының 0-30 шақырымын ағымдағы жөндеу жұмыстарына.

10112,0 мың тенге «Әйтеке би -Басықара» 0-23шқ., «Бекарыстан би –Майдакөл» 0-12шқ. аудандық маңыздағы автомобиль жолының ағымдағы жөндеу жұмыстарына.

5250,0мың теңге қаржысы аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын қысқы маусымда күтіп ұстау жұмыстарына қаралды.

Аудандық маңыздағы жолдарының бойына, Әйтеке би кенті, Қазалы қаласының көшелеріне жол қауіпсіздік белгілерін орнату мен жол жолақтарын сызуға 5206,0 мың тенге және жол кедергілерін орнатуға 4550,0 мың тенге.

Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарына 10150,0 мың тенге қаралды.

22443,0 мың тенге Әйтеке би -Басықара 0,23км, Бекарыстан би –Майдакөл 10км, Қожабахы-Бекарыстан би-Майдакөл 12км аудандық маңыздағы автомобиль  жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстары.

- «Әйтеке би кенті-Басықара-Водокачка» 0-9 км. аудандық маңыздағы автомобиль жолын  ағымдағы жөндеуге 5942,0 мың тенге бөлініп мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде «Қазалы-Жолаушы»ЖШС жеңімпаз болып танылып жөндеу жұмыстары аяқталды.

Жоба сметалық құжаттарын әзірлеп мемлекеттік сараптамадан өткізуге аудандық бюджеттен:

- «Әйтеке би кентінен салынған РЗА мал фермасына сыртқы ИКИ-мен қамтамасыз ету» ЖСҚ мен мемлекеттік сараптамадан өткізуге-13537,7 мың теңге бөлініп, «Сыр-Жоба» ЖШС мекемесі жобалау жұмыстарын жүргізіліп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды.

-  Қазалы ауданы Әйтеке би кентінен салынатын «Көлік логистикалық сауда орталығы құрылысы» жобасы және ИКИ-мен қамтамасыз ету ЖСҚ мен мемлекеттік сараптамадан өткізуге-5 757,0 мың теңге «Сыр-Жоба» ЖШС мекемесі жобалау жұмыстарын жүргізіліп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.

Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және  өмір сұру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шараларын іске асыруға республикалық (684,0 мың тенге), облыстық (684,0 мың теңге)  бюджеттен барлығы -1368,0 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде «Энергомера» ЖШС жеңімпаз болып танылып бүгінгі күні  бағдаршам пайдалануға берілді.

 

Қазалы ауданында автомобиль көлігімен жолаушылар

тасымалдау жұмыстары туралы

 Қазіргі таңда аудан көлемінде жолаушылар тасымалы сегіз тасымалдаушы қызмет көрсетуде. Олардың ішінде: Қазалы ауданынан жеке кәсіпкер С.Айтжанов, «Талап и К» және «Қазалы такси» жауапкершіліктері шектеулі серіктестіктері, ал қалған тасымалдаушылар басқа аудандар мен Қызылорда қаласынан.

Ауданда барлығы- 29 тұрақты автомобиль тасымалдарының маршруттары қызмет көрсетуде. Оның ішінде: Әйтеке би кентінде  7 қалаішілік (кентішілік), аудан көлемінде 17 ауданішілік, 4 ауданаралық және 1 қалааралық маршурттар.

Ауданішілік және қалаішілік (кентішілік) маршруттарда: барлығы-45 автобустар мен 100 шағын автобустар жұмыс жасауда.

Аталған тасымалдаушылар бекітілген қозғалыс схемалары мен кестеге және жол жүру ақысының тарифіне сәйкес тиісті жұмыстарды атқарып келеді.

Аудандағы 16 ауылдық округте 27 елді мекенмен және Қазалы қаласымен аудан орталығы арасында тұрақты көлік қатынасы орнатылып отыр.

Жылу маусымына дайындық

«2017-2018 жылдардағы жылу беру маусымына дайындау барысына жедел басшылық жасау, ұйымдастыру және бақылау жөнінде аудан әкімінің 2017 жылғы 05 мамырдағы №122 өкімімен аудандық штаб құрылып, өз жұмысын атқарып келеді.

Негізінен алдағы жылу беру маусымына аудан бойынша барлығы 172 нысан дайындыққа келтірілген. Оның ішінде 58 білім беру, 52 мәдениет,41 денсаулық сақтау нысандары мен 21 басқару аппараттарының нысандары.

Жалпы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік-мәдени нысандарға алдағы жылу беру маусымына барлығы 5660,0 тонна қатты, 2850,0 тонна сұйық отындары мен аудан тұрғындарына 41000 тонна қатты отын қажеттігі жоспарланып, 2018 жылдың 01 қаңтарына дейін жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерге отын қорын жасақтауға 394952,0 мың теңге бөлінді. Оның ішінде 38742,0 мың теңге қаржысы қатты отынға, 356210,0 мың теңге қаржысы сұйық отын. Бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, мердігер мекемелермен келісім шарт жасалып,отын қорлары жасақталды.

 «Қазалы-Теміржолжылу» МКК-ныңорталықтандырылған жылу жүйесі арқылы Әйтеке би кентінде жылу энергиясын алатын барлығы 86 мекеме, оның ішінде 12 теміржол, 52 тараптық мекемелер, 22 бюджетке қарасты мекемелер, Үш5-қабатты, 42 екіқабатты тұрғын үйлер және 161 жеке тұрғындар жылумен қамтамасыз етеді.

Кәсіпорынның бу қазандықтарындағы пайдаланатын негізгі отын қоры – табиғи газ және мазут болып табылады. Жылу беру маусымына кәсіпорын қоймасында 309 тонна қалдық мазут отыны сақтаулы болса 6 098 000 м3 газ отыны жұмсалады деп жоспарлануда. Негізіне кәсіпорын тұтынатын газ көлемі тәулігіне 22000 м3 болса, мазут 12-15 тоннаның аралығы.

Газдандыру: Қызылорда облысы әкімдігі мен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ арасында жасалған меморандумға сәйкес 2015  жылы  4 аудан орталығына және Байқоңыр қаласына автоматтандырылған газ тарату стансаларының құрылысы мен кварталішілік газ құбырларының құрылысын салу жоспарланып, кент бойынша     «Әйтеке би кентіне жүргізілетін газ құбырларының және кварталішілік газ құбыры құрылысы» жобасына сәйкес барлық ұзындығы 382,4 шақырым болатын газ құбырлары жүргізілді. Оның ішінде жоғарғы қысымды – 10,2 шақырым, орташа қысымды – 30,2 шақырым және төмен қысымды – 342,0 шақырым газ құбырлары. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ҚӨФ-ның бас мердігер мекемесі- «Зенит ТВК» ЖШС-гі мен қосалқы мердігерлер  мамандары тұрғын үйлерге газ желісін монтаждау жұмыстары бойынша бүгінгі күнге 4301 тұрғыннан газ желісіне қосылу жөнінде техникалық шарттын сұрау туралы өтінішіне сәйкес 4145 тұрғын үй өлшеніп, мамандармен  жоба дайындалды. 4103үйге құрылыс монтаж жұмыстары атқарылды. Кредиттік жүйе мүмкіндігін пайдаланған 43 адам.

152 мекеме (16 мемлекеттік мекеме, 4 емхана, 4 мектеп, 3 спорт кешені, 5 балабақша, 120кәсіпкерлікнысан) газ құбырынақосылуғатиістіқұжаттарынтапсырып, техникалықшарттарыналған. Оның ішінде Әйтеке би кентіндегі әлеуметтік- мәдени нысандардың  (барлығы 12 нысан: 5- балабақша, 4- мектеп, 1-музей, 1-мәдени орталық, 1-спорт кешені) бу қазандықтарын газ өнімдеріне бейімдеу жұмыстарына байланысты 12 нысанның жоба сметалық құжаттамасы дайындалып, 101,9 млн теңгеге бюджеттік өтінім облыстық бюджетке ұсынылып, 12 әлеуметтік нысанға қаржысы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға қабылданды.

Қазіргі таңға 42 –ГРПШ (газ реттеуіш пункт шкафты) іске қосылып, тұрғындарды газбен қамтамасыз етіп отыр.Газқызметін пайдаланып отырған 4103 тұрғын  үй. Магистральді газ құбыры толық тартылып, кент ішілік тарату жүйесіне ГРП, ШРП арқылы қосылған.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға арналған бағдарламасының» ауданда жүзеге асыру барысы туралы

Қазақстан Республикасының «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға арналған бағдарламасы» негізінде Әйтеке би кентінде күрделі жөндеуді қажет ететін Әйтеке би кенті, В. Счастнов көшесі №3 екі қабатты тұрғын үйге жергілікті бюджеттен 2017 жылы шілде айында қажетті 4339,0 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға тұрғын үй беру және есепке қою туралы

          Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңына сәйкес   мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтар ретінде «бөлімнің» есепке алу және кезекке қою базасында бүгінгі күні 4 санат бойынша кезекке тіркелген. Атап айтатын болсақ, жетім балалар, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар саны-193, Ұлы Отан соғысының қатысушысы саны-1, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататындар-348 бюджеттік сала қызметкерлері 103 азамат Барлығы 645 азамат тұрғын үй кезегінде тұр.

2017 жылдың  12  айындамемлекеттіктұрғынүйқорынантұрғынүйгемұқтажазаматтарретіндебарлығы 60азаматтіркелді.  

Елдімекендердесанитарлықтазарту, 

көркейтужәнекөгалдандыружұмыстарытуралы

 

Облыс әкімінің «Облыс елді мекендерінде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығын өткізу туралы» 2017 жылғы 01 наурыздағы № 497-ө өкімімен 2017 жылдың 11 наурызы мен 10 мамыры аралығында өткізілетін болып белгіленген.

Осыған сәйкес «Аудан елді мекендерінде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығын өткізу туралы» аудан әкімінің 2017 жылғы 6 наурызында №64 өкімі шықты.

Аудан бойынша елді мекен аумақтарының санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру іс-шаралары бекітілді, осыған байланысты барлық ауылдық округтерде іс-шаралар қабылдап жұмыстар атқаруда және 2017 жылдың 01 сәуірі «Көктемгі ағаш отырғызу» акциясына меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар мен өңір тұрғындары жұмылдырылды.

Елді мекендердің санитариясын қамтамсыз ету үшін 47202,0 мың теңге бөлінген.




«Қазалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі  және автомобиль жолдарыбөлімі» КММ-сі бойынша 2017 жылдың  айында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы


          «Қазалы  аудандық  тұрғын  үй   коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және  автомобиль  жолдары бөлімі» КММ-сі аудан көлемінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттің саясатын жүзеге асыру, қоғамдық көліктерге және автомобиль жолдарының дамуына жалпы басшылық жасау, сумен жабдықтау, кәріз, жылу, электр қуаты, газбен жабдықтау саласы жұмыстарын ұйымдастыру, олардың сапалы, үздіксіз және тиімді жұмыс жасауына басшылық жасауды қамтиды. Жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар дайындау және саланы дамыту бағдарламаларын әзірлеу, инженерлік жүйелер мен иммараттардың, тұрғын үй қорының нормативке сай күтіп ұсталуын, техникалық пайдалануына және жөндеу  жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз ету және бақылауды  жүзеге асырады.

 Ауданның коммуналдық  меншігінде барлығы 402 км аудандық маңыздағы автомобиль жолдары бар, оның ішінде: 137 км асфальтты, 184 км қиыршықтасты және 81 км топырақты жолдар.

Бүгінгі күні Қазалы ауданында Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және  елді мекен ішілік автомобиль жолдарының барлық ұзындығы 349,645 шқ-ді құрайтын 424 көше жол тораптары бар. Оның ішінде:

Әйтеке би кентінде барлығы 185 көше-жол тораптары орналасқан. Барлық ұзындығы 121,45 км-ді құрайды. Оның 32 көшесі толық асфальттаудан өткізіліп (33,7 км), қалған 153 көше (87,75 км) қиыршықтасты жәнетопырақ қабатына жатқызылған.

Қазалы қаласы бойынша барлығы 49 көше-жол тораптары бар. Барлық ұзындығы 45,475 км-ді құрайды. Оның 15 көшесі (14,2 км) асфальттанған, қалған 34 көше (31,275 км) қиыршық тасты және топырақ қабатты.

Елді мекендер бойынш абарлығы 190 көше-жол тораптары бар. Барлық ұзындығы 182,72 км-ді құрайды. Оның 24 көшесі (22,49 км) асфальттанған, қалған 179 көше (160,23 км) қиыршық тасты және топырақ қабатты.

Кент, қала, ауылдық округтердің көше жолтораптары жағдайының бүгінгі күнгі көрсеткіші: Жақсыжағдайда – 20 (71,6 км) пайызды, қанағаттанарлық жағдайда – 6 (21,08) пайызды, нашар жағдайда 74 (259,85 км) пайызды құрап отыр.

Жоғарыда аталған елді мекен ішілік көше автомобиль жолдарын жақсарту мақсатында жыл сайын облыстық, республикалық бюжеттерге тиісті ұсыныстар беріліп келеді. Бүгінгі күнге аудандық маңыздағы жолдарды жөндеуге, қайта жаңғыртуға барлығы  365 063,0 мың тенге бөлініп отыр. (барлық ұзындығы 10шқ. құрайды).

2017жылы іске асырылып жатқан,  жоспарланған жобалар.

Облыстық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылған «Бозкөл-Тасарық» аудандық маңыздағы автомобиль жолының 0-22 шқ. темір бетон көпірінің құрылысына  103323,0 мың теңге қаржысы   бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесі бойынша жеңімпаз болып танылған «Жылу-ХХІ» ЖШС-мен 2017 жылдың 5 шілдесінде келісім шарт жасылып құрылыс жұмыстары басталуда..

- Өркендеу ауылына кіре беріс автомобиль жолының 0-5,65 шқ. қүрделі жөндеуге (жоба құны -352 090 мың тенге). -184,756 млн. тенге. Бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.

- «Қазалы-Қожабахы-Бозколь-Каукей» автомобиль жолының 30-45 шқ. орташа жөндеу  жұмыстарын аяқтауға -35,666 млн. теңге бөлініп, бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесі бойынша жеңімпаз болып танылған «СтройМодул-Астана» ЖШС-мен 2017 жылдың  20 маусымында келісім шарт жасылып  жөндеу жұмыстары басталуда.

-Қазалы ауданы Түктібаев ауылының  Айдай Жұбатырова, Жаңабасшылық, Алға, Әбдіразақов, Жаңа көшелерін  орташа жөндеуге-  56777,0 мың тенге бөлініп, бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.

Қазалы қаласының 13 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 108 000,0 мың теңге қаржы бөлініп,  бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.

Аудандық бюджеттен  Жалаңтөс батыр ауылындағы Жалаңтөс, Ыбыраев көшелерін орташа жөндеуге- 22000,0 мың тенге бөлініп, бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесі бойынша жеңімпаз болып танылған «СтройМодул-Астана» ЖШС-мен 2017 жылдың  25 маусымында келісім шарт жасылып  жөндеу жұмыстары басталуда.

Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарына 80,436 млн. теңге қаралып,бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.  

Оның ішінде:

  3 850,0 мың тенге Аудандық маңыздағы автомобиль жолының бойындағы Абай ауылының тұсынан өтетін Сырдария өзеніндегі қалқымалы көпірді күтіп ұстау жұмыстарына «Димаш Строй-Сервис» ЖШС-мен келісім шарт жасалынды.

15650,0 мың тенге  «Қазалы-Көларық-Бекарыстанби-Жаңақұрылыс» аудандық маңыздағы автомобиль жолының 0-33 шақырымын ағымдағы жөндеу жұмыстарына бөлініп, бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.

25668,0 мың тенге  «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» аудандық маңыздағы автомобиль жолының 0-30 шақырымын ағымдағы жөндеу жұмыстарына бөлініп, бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.

10112,0 мың тенге «Әйтеке би -Басықара» 0-23шқ., «Бекарыстан би –Майдакөл» 0-12шқ. аудандық маңыздағы автомобиль жолының ағымдағы жөндеу жұмыстарына бөлініп, бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.

5250,0 мың теңге қаржысы аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын қысқы маусымда күтіп ұстау жұмыстарына қаралып, бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.

Аудандық маңыздағы жолдарының бойына, Әйтеке би кенті, Қазалы қаласының көшелеріне жол қауіпсіздік белгілерін орнату мен жол жолақтарын сызуға 5206,0 мың тенге және жол кедергілерін орнатуға 4550,0 мың тенге бөлініп, бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесі бойынша жеңімпаз болып танылған «Ақберген» ЖШС-мен 2017 жылдың  10 маусымында келісім шарт жасылып жол белгілерін орнату жұмыстары басталды.

 Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарына 10150,0 мың тенге қаралып, бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.

Жоба сметалық құжаттарын әзірлеп мемлекеттік сараптамадан өткізуге аудандық бюджеттен:

- «Әйтеке би кентінен салынған РЗА мал фермасына сыртқы ИКИ-мен қамтамасыз ету» ЖСҚ мен мемлекеттік сараптамадан өткізуге-13537,7 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

-  Қазалы ауданы Әйтеке би кентінен салынатын «Көлік логистикалық сауда орталығы құрылысы» жобасы және ИКИ-мен қамтамасыз ету ЖСҚ мен мемлекеттік сараптамадан өткізуге-5 757,0 мың теңге бөлініп, мемелкеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде жеңімпаз болып танылған «Сыр-Жоба» ЖШС, «Димаш-Сервис» ЖШС жоба-сметалық құжатын әзірлеп бүгінгі күнге мемелкеттік сараптадан өткізілуде.

Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және  өмір сұру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шараларын іске асыруға республикалық (684,0 мың тенге), облыстық (684,0 мың теңге)  бюджеттен барлығы -1368,0 мың теңге қаралып,  бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.

Қазалы ауданында автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдау жұмыстары туралы

Қазіргі таңда аудан көлемінде жолаушылар тасымалы сегіз тасымалдаушы қызмет көрсетуде. Олардың ішінде: Қазалы ауданынан жеке кәсіпкер С.Айтжанов, «Талап и К» және «Қазалы такси» жауапкершіліктері шектеулі серіктестіктері, ал қалған тасымалдаушылар басқа аудандар мен Қызылорда қаласынан.

Ауданда барлығы- 29 тұрақты автомобиль тасымалдарының маршруттары қызмет көрсетуде. Оның ішінде: Әйтеке би кентінде  7 қалаішілік (кентішілік), аудан көлемінде 17 ауданішілік, 4 ауданаралық және 1 қалааралық маршурттар. Ауданішілік және қалаішілік (кентішілік) маршруттарда: барлығы-45 автобустар мен 100 шағын автобустар жұмыс жасауда.

Аталған тасымалдаушылар бекітілген қозғалыс схемалары мен кестеге және жол жүру ақысының тарифіне сәйкес тиісті жұмыстарды атқарып келеді.

Аудандағы 16 ауылдық округте 27 елді мекенмен және Қазалы қаласымен аудан орталығы арасында тұрақты көлік қатынасы орнатылып отыр.

         Жылу маусымына дайындық

        «2017-2018 жылдардағы жылу беру маусымына дайындау барысына жедел басшылық жасау, ұйымдастыру және бақылау жөнінде аудан әкімінің 5 мамыр 2017 жылғы №122 өкімімен штаб құрылып, өз жұмысын атқарып келеді.

        Негізінен алдағы жылу беру маусымына аудан бойынша барлығы 172 нысан дайындыққа келтірілген. Оның ішінде 58 білім беру, 52 мәдениет,41 денсаулық сақтау нысандары мен 21 басқару аппараттарының нысандары.

         2017 жылға жылу беру маусымына отын қорын жасақтауға барлығы 346,1 мың теңге бөлінді. Оның ішінде 37,9 млн. теңге қаржысы қатты отынға, 284,0 млн. теңге қаржысы сұйық отынға, электр қуатымен жылытылатын нысанға 6,8 млн. теңге және орталықтандырылған жылу қуатына 17,4 млн. теңге. Қазіргі таңға барлық нысандар бойынша келісім шарттар жасалып, отын қоры толығымен жасақталған.

          «Қазалы-Теміржолжылу» МКК-ның орталықтандырылған жылу жүйесі арқылы Әйтеке би кентінде жылу энергиясын алатын барлығы 64 мекеме, оның ішінде 11 теміржол және 38 тараптық мекемелер, 15 бюджетке қарасты мекемелер бар. Үш 5-қабатты, он бір 2-қабатты тұрғын үйлер және 166 жеке тұрғындар жылумен қамтамасыз етіледі.

        Әйтеке би кентінде орналасқан «Қазалы-Теміржолжылу» филиалының бу қазандықтарындағы пайдаланатын негізгі отын қоры – газ болып табылады. Сонымен қатар  мазут отының пайдалану мүмкіндігі бар.

      Газдандыру: Қызылорда облысы әкімдігі мен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ арасында жасалған меморандумға сәйкес 2015  жылы  4 аудан орталығына және Байқоңыр қаласына автоматтандырылған газ тарату стансаларының құрылысы мен кварталішілік газ құбырларының құрылысын салу жоспарланып, кент бойынша     «Әйтеке би кентіне жүргізілетін газ құбырларының және кварталішілік газ құбыры құрылысы» жобасына сәйкес барлық ұзындығы 382,4 шақырым болатын газ құбырлары жүргізілді. Оның ішінде жоғарғы қысымды – 10,2 шақырым, орташа қысымды – 30,2 шақырым және төмен қысымды – 342,0 шақырым газ құбырлары. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ҚӨФ-ның бас мердігер мекемесі- «Зенит ТВК» ЖШС-гі мен қосалқы мердігерлер  мамандары тұрғын үйлерге газ желісін монтаждау жұмыстары бойынша бүгінгі күнге 3076 тұрғыннан газ желісіне қосылу жөнінде техникалық шарттын сұрау туралы өтінішіне сәйкес 2985 тұрғын үй өлшеніп, мамандармен  жоба дайындалып, құрылыс монтаж жұмыстары атқарылды. Кредиттік жүйе мүмкіндігін 43 адам және бөліп төлеу жүйесін пайдаланған  255 адам.

        120 мекеме (16 мемлекеттікмекеме, 4 емхана, 4 мектеп, 3 спорт кешені, 5 балабақша, 88 кәсіпкерлік нысан) газ құбырына қосылуға тиісті құжаттарын тапсырып, техникалық шарттарын алған. Оның ішінде Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі әлеуметтік- мәдени нысандардың  (барлығы 12 нысан : 5- балабақша, 4- мектеп, 1-музей, 1-мәдени орталық, 1-спорт кешені) бу қазандықтарын газ өнімдеріне бейімдеу жұмыстарына байланысты. Бүгінгі күні аталған 12 нысан бойынша газ отынына ауыстыру ға қажетті бюджет қаражатының көлемі анықталған (барлығы жоба құны -128,894 млн. тенге). Ағымдағы жылы  барлығы 9 нысанға-82,258 млн. тенге бөлінді. Бүгінгі күнге №11 «Балапан», «Алпамыс» балабақшаларына мемлекеттік сатып алу процедуралары аяқталып, «Байтерек-групп++АА» ЖШС-гі мердігер ретінде танылып, жұмыстарын бастады. Қалған нысандар бойынша мердігерді анықтауға бағытталған мемлекеттік сатып алу жұмыстары  жүргізілуде.

       Қазіргі таңға 42 –ГРПШ (газ реттеуіш пункт шкафты) іске қосылып, тұрғындарды газбен қамтамасыз етіп отыр.Газ қызметін пайдаланып отырған 2705 тұрғын  үй. Магистральді газ құбыры толық тартылып, кент ішілік тарату жүйесіне ГРП, ШРП арқылы қосылған.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға арналған бағдарламасының» ауданда жүзеге асыру барысы туралы

        «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы бойынша 2017 жылы көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен қаржы бөлу мәселесі шешілмей, ағымдағы жылы аудандық бюджеттен кемінде 2 үйді жөндеуден өткізуге қаражат қарастыру ұсынды.    Бағдарлама шеңберінде  күрделі жөндеуге ұсынылған  12 көпқабатты тұрғын үйлердің  Жанқожа №143 (жоба құны-5477,0 мың теңге),  №145 (жоба құны-5551,0 мың теңге) екі қабатты тұрғын үйлерді  жергілікті бюджет есебінен күрделі жөндеуден өткізуге бюджеттік өтінім жасалғанымен, қолдау таппай отыр.  Аталған нысандарға  2015 жылы энергоаудит сараптамасы жасалынған.  Жанкожа батыр көшесі №143,№145 екі қабатты тұрғын үйлерді күрделі  жөндеу жұмыс жобасына 13.12.2013 жылы берілген сараптамалық қорытындысының мерзімі ескіріп  отыр.    Қалған үйлерге  сараптамалық қорытындылары 2014 жылдың қырқүйек  айында берілген. Сараптама жүргізілгеннен кейін үш жыл ішінде құрылысы басталмаған жоба-сметалық құжаттамасы ескірген болып есептеледі. Сондықтан Бағдарлама аясында  көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге  аудандық бюджет есебінен  жөндеуден өткізуге қаражат бөлуге ықпал ету сұратылды.  2016 жылы аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға В. Счастнов көшесі №1 және В. Счастнов көшесі №3 екі қабатты тұрғын үйлерге энергоаудит жүргізілген. Алдағы уақытта осы  үйлерді  (В.Счастнов №1- 4339,0 мың тенге, В.Счастнов №3-4272,0 мың тенге ) күрделі жөндеуден өткізуге жергілікті бюджеттен қаржы бөлу туралы ұсыным жасалады.

         2017 жылы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілетін көп қабатты тұрғын үйлерге энергетикалық аудит жүргізу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 400,0 мың теңге бөлінді. Бұл қаржыға Әйтеке би кенті Желтоқсан көшесі №46, №54 Б көппәтерлі тұрғын үйлерге энерго аудит жүргізу межеленуде.

Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға тұрғын үй беру және есепке қою туралы

         Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңына сәйкес   мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтар ретінде «бөлімнің» есепке алу және кезекке қою базасында бүгінгі күні 4 санат бойынша кезекке тіркелген. Атап айтатын болсақ, жетім балалар, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар саны-193, Ұлы Отан соғысының қатысушысы саны-1, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататындар-327 бюджеттік сала қызметкерлері -91 азамат. Барлығы 612 азамат тұрғын үй кезегінде тұр.

          2017 жылдың  6  айында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматта рретінде барлығы 52 азамат тіркелді.  

Елді мекендерде санитарлық тазарту,көркейту және көгалдандыру жұмыстары туралы

          Облыс әкімінің «Облыс елді мекендерінде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығын өткізу туралы» 2017 жылғы 01 наурыздағы № 497-ө өкімімен 2017 жылдың 11 наурызы мен 10 мамыры аралығында өткізілетін болып белгіленген. Сонымен бірге аталған жұмыстар ағымдағы жылдың 10 шілдесіне дейін жалғасын тапты.

        Осыған сәйкес «Аудан елді мекендерінде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығын өткізу туралы» аудан әкімінің 2017 жылғы 6 наурызында №64 өкімі шықты.

        Аудан бойынша елді мекен аумақтарының санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру іс-шаралары бекітілді, осыған байланысты барлық ауылдық округтерде іс-шаралар қабылдап жұмыстар атқаруда және 2017 жылдың 01 сәуірі «Көктемгі ағаш отырғызу» акциясына меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар мен өңір тұрғындары жұмылдырылды.

Елді мекендердің тазалығын қамтамсыз ету үшін 47202,0 мың теңге бөлінген.



«Қазалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі  және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2017 жылдың 3 айында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы

Жылу маусымына дайындық

«2016-2017 жылдардағы жылу беру маусымына дайындау барысына жедел басшылық жасау, ұйымдастыру және бақылау жөнінде аудан әкімінің 19 мамыр 2016 жылғы №185 өкімімен штаб құрылып, өз жұмысын атқарып келеді.

Негізінен алдағы жылу беру маусымына аудан бойынша барлығы 172 нысан дайындыққа келтірілген. Оның ішінде 58 білім беру, 52 мәдениет,41 денсаулық сақтау нысандары мен 21 басқару аппараттарының нысандары.

2017 жылға жылу беру маусымына отын қорын жасақтауға барлығы 346,1 мың теңге бөлінді. Оның ішінде 37,9 млн. теңге қаржысы қатты отынға, 284,0 млн. теңге қаржысы сұйық отынға, электр қуатымен жылытылатын нысанға 6,8 млн. теңге және орталықтандырылған жылу қуатына 17,4 млн. теңге. Қазіргі таңға барлық нысандар бойынша келісім шарттар жасалып, отын қоры толығымен жасақталған.

 «Қазалы-Теміржолжылу» МКК-ның орталықтандырылған жылу жүйесі арқылы Әйтеке би кентінде жылу энергиясын алатын барлығы 64 мекеме, оның ішінде 11 теміржол және 38 тараптық мекемелер, 15 бюджетке қарасты мекемелер бар. Үш 5-қабатты, он бір 2-қабатты тұрғын үйлер және 166 жеке тұрғындар жылумен қамтамасыз етіледі.

Әйтеке би кентінде орналасқан «Қазалы-Теміржолжылу» филиалының бу қазандықтарындағы пайдаланатын негізгі отын қоры – мазут болып табылады. 2016-2017 жылдардағы жылу беру маусымына жоспар бойынша қажетті 5015  тонна мазут отынына Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына тапсырыс берілді. Бүгінгі таңда кәсіпорын қоймасында 48 тонна қалдық мазут отыны сақтаулы.

Газдандыру: Қызылорда облысы әкімдігі мен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ арасында жасалған меморандумға сәйкес 2015  жылы  4 аудан орталығына және Байқоңыр қаласына автоматтандырылған газ тарату стансаларының құрылысы мен кварталішілік газ құбырларының құрылысын салу жоспарланып, кент бойынша     «Әйтеке би кентіне жүргізілетін газ құбырларының және кварталішілік газ құбыры құрылысы» жобасына сәйкес барлық ұзындығы 382,4 шақырым болатын газ құбырлары жүргізілді. Оның ішінде жоғарғы қысымды – 10,2 шақырым, орташа қысымды – 30,2 шақырым және төмен қысымды – 342,0 шақырым газ құбырлары. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ҚӨФ-ның бас мердігер мекемесі- «Зенит ТВК» ЖШС-гі мен қосалқы мердігерлер  мамандары тұрғын үйлерге газ желісін монтаждау жұмыстары бойынша бүгінгі күнге 3064 тұрғыннан газ желісіне қосылу жөнінде техникалық шарттын сұрау туралы өтінішіне сәйкес 2759 тұрғын үй өлшеніп, мамандармен  жоба дайындалды. 2759 үйге құрылыс монтаж жұмыстары атқарылды. Кредиттік жүйе мүмкіндігін пайдаланған 43 адам.

73мекеме (16 мемлекеттікмекеме, 4 емхана, 4 мектеп, 3 спорт кешені, 5 балабақша, 41кәсіпкерлікнысан) газ құбырынақосылуғатиістіқұжаттарынтапсырып, техникалықшарттарыналған. ОныңішіндеҚазалыауданыӘйтекебикентіндегіәлеуметтік- мәденинысандардың  (барлығы 12 нысан : 5- балабақша, 4- мектеп, 1-музей, 1-мәдени орталық, 1-спорт кешені)буқазандықтарын газ өнімдерінебейімдеужұмыстарынабайланысты.Бүгінгікүніаталған 12 нысанбойынша газ отынынаауыстыруғақажетті бюджет қаражатыныңкөлеміанықталып(барлығыжобақұны -128,894 млн. тенге)оның ішндегі5 әлеуметтік нысанның бу қазандығын газ өніміне бейімдеу үшін, облыстық бюджеттен 69 410,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.

Қазіргі таңға 42 –ГРПШ (газ реттеуіш пункт шкафты) іске қосылып, тұрғындарды газбен қамтамасыз етіп отыр.Газ қызметін пайдаланып отырған 2705 тұрғын  үй. Магистральді газ құбыры толық тартылып, кент ішілік тарату жүйесіне ГРП, ШРП арқылы қосылған.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға арналған бағдарламасының» ауданда жүзеге асыру барысы туралы

2017 жылы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілетін көп қабатты тұрғын үйлерге энергетикалық аудит жүргізу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 400,0 мың теңге бөлінді. Бұл қаржыға Әйтеке би кенті Желтоқсан көшесі №46, №54 Б көппәтерлі тұрғын үйлерге энерго аудит жүргізу межеленуде.

 

Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға тұрғын үй беру және есепке қою туралы

          Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңына сәйкес   мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтар ретінде «бөлімнің» есепке алу және кезекке қою базасында бүгінгі күні 4 санат бойынша кезекке тіркелген. Атап айтатын болсақ, жетім балалар, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар саны-192, Ұлы Отан соғысының қатысушысы саны-1, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататындар-310 бюджеттік сала қызметкерлері 82 азамат Барлығы 585 азамат тұрғын үй кезегінде тұр.

2017 жылдың  3  айында мемлекеттік тұрғынүй қорынан тұрғынүйге мұқтаж азаматтар ретінде барлығы 26 азамат тіркелді.  

Елдімекендердесанитарлықтазарту, 

көркейтужәнекөгалдандыружұмыстарытуралы

 

Облыс әкімінің «Облыс елді мекендерінде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығын өткізу туралы» 2017 жылғы 01 наурыздағы № 497-ө өкімімен 2017 жылдың 11 наурызы мен 10 мамыры аралығында өткізілетін болып белгіленген.

Осыған сәйкес «Аудан елді мекендерінде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығын өткізу туралы» аудан әкімінің 2017 жылғы 6 наурызында №64 өкімі шықты.

Аудан бойынша елді мекен аумақтарының санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру іс-шаралары бекітілді, осыған байланысты барлық ауылдық округтерде іс-шаралар қабылдап жұмыстар атқаруда және 2017 жылдың 01 сәуірі «Көктемгі ағаш отырғызу» акциясына меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар мен өңір тұрғындары жұмылдырылды.

Елді мекендердің санитариясын қамтамсыз ету үшін 47202,0 мың теңге бөлінген.





Кіру

×