ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Қоғам
Билік
Қоғам
Басты бет Бизнес Кәсіпкерлікті алғашқы бастаушыға көмек

Кәсіпкерлікті алғашқы бастаушыға көмек

Кәсіпкерлікті алғашқы бастаушыға көмек

 

Қазіргі таңда жаңадан кәсіп бастағысы келетін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан арнайы бағдарламалар әзірленіп, мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Кәсіпкерлерге Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі және «Кәсіпкерлер палатасы» әрдайым қолдау көрсетуге әзір. Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі Пірімов №5, Кәсіпкерлер палатасы Әйтеке би көшесіндегі бизнес-орталықта орналасқан. Сондай-ақ кәсіпкерлерге арналған Қазалы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің Фейсбук, Инстаграм әлеуметтік желілерінде парақша, www.kasipkerge.info интернет-порталы қызмет етуде.

 

Жеке кәсіпкерлік субьектілеріне бірегейлігімен және жаңалығымен ерекшеленетін жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде мемлекеттік гранттар келесі мақсаттарда ұсынылады:

1. Негізгі құралдар мен материалдарды алу;

2. Материалдық емес активтер алу;

3. Технологиялар алу;

4. Франшизаға рұқсат алу;

5. Зерттеу жұмыстарына және/немесе жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстар.

Грант қаражатына ие болу үшін ұсынылатын жоба бірегей, жаңашыл болуы қажет. Грант иегерлері облыстық конкурс негізінде конкурстық комиссияның шешімімен анықталады.

Кіру

×