ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Құқық
Экономика
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Бизнес Бизнестің жол картасы - 2020

Бизнестің жол картасы - 2020

Қазалы ауданы бойынша 2018 жылғы қаңтар-маусым айларындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы атқарылған жұмыстар туралы

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша құны 28,2 млн.теңгені құрайтын 3 жоба екінші деңгейлі банк арқылы несие қаражатын алып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидияланды.

Аталған бағдарламаның кепілдік беру компоненті бойынша 1 жобаға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы 4,7 млн.теңге кепілдік берілді.

Сондай-ақ, ауданымыздан 7 ШОБ субъектілері жылдың соңына дейін жалпы құны 266 млн. теңге құрайтын несие алуға құжаттарын дайындауда.

        «Бизнес-Кеңесші» жобасы арқылы барлығы 219 қатысушы оқу курстарын аяқтады.

Сонымен бірге, бағдарламаның мемлекеттік гранттық қаржыландыру компоненті аясында 2018 жылдың сәуір айында жарияланған конкурсқа ауданнан 56 үміткерлер құжаттарын тапсырып, нәтижесінде қаржы көлемі 15,1 млн. теңгені құрайтын 19 жоба мақұлданды.



Қазалы ауданы бойынша 2018 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы атқарылған жұмыстар туралы


        

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша құны 11,0 млн.теңге құрайтын 1 жоба екінші деңгейлі банк арқылы несие қаражатын алып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидияланып, кепілдік беру компоненті бойынша 4,7 млн.теңге кепілдік берілді.

Сонымен қатар, аталған бағдарлама шеңберінде Әйтеке би кентінен құны 9,0 млн.теңгені құрайтын 1 жоба екініші деңгейлі банктен несие қаражатын алуға келісімін алып, сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау құралы бойынша қарау үшін «Даму» КДҚ» АҚ-на құжаттары ұсынылды.

        «Бизнес-Кеңесші» жобасы арқылы 90 адамды оқыту жоспарланса, бүгінгі таңда 194 қатысушы наурыз айының 14-15 аралығында өткізілген екі күндік оқу курсынан өтті. Оның ішінде 48-і аталған бағдарламаның мемлекеттік грант беру үшін берілетін конкурсқа қатысатындығы анықталды.



«Бизнестің жол картасы-2020» 2017 жылы орындалуы туралы ақпарат



Кәсіпкерліктің дамуына тікелей ықпал етіп отырған «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша 2017 жылы құны 315,3 млн.теңге құрайтын 12 жоба екінші деңгейлі банк арқылы несие қаражатын алып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы субсидиялануда.

Анықтамалық:

1.    ЖК Н.Қазбергеновтің айналым қаражатын толықтыру мақсатында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нің Қызылорда филиалы арқылы 20,0 млн.теңге несие  қаражатын алды.

2.    ЖК А.Рахметовтың объектіні қайта қалпына келтіру мақсатында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нің Қызылорда филиалы арқылы 2,0 млн.теңге несие қаражатын алды.

3.    «РЗА» АҚ-ның айналым қаражатын толықтыру мақсатында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нің Қызылорда филиалы арқылы 59,9 млн.теңге несие қаражатын алды.

4.    «РЗА-Агро» ЖШС-нің айналым қаражатын толықтыру мақсатында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нің Қызылорда филиалы арқылы 59,9 млн.теңге несие қаражатын алды.

5.    ЖК А.Кенжебаеваның Коммерциялық жылжымайтын мүліктің құрылысын жүргізу және жабдықтар сатып алу мақсатында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның Байқоңыр филиалы арқылы 22,0 млн.теңге несие қаражатын алды.

6.    ЖК Ж.Дуйсенованың Құрал-жабдықтар сатып алу мақсатында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның Байқоңыр филиалы арқылы 6,4 млн.теңге несие қаражатын алды

7.    ЖК Ғ.Қалдыбекованың Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жөндеу, жабдықтар сатып алу және айналым қаражатын толықтыру мақсатында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның Байқоңыр филиалы арқылы 30,0 млн.теңге несие қаражатын алды

8.    ЖК Қожағұл Зағипаның Коммерциялық жылжымайтын мүлік құрылысы және жабдықтар сатып алу мақсатында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның Байқоңыр филиалы арқылы 19,8 млн.теңге несие қаражатын алды.

9.         «Сыр маржаны и К» ЖШС-нің Автожанар-май құю станциясының құрылысын аяқтауға «Банк Центр Кредит» АҚ-ның  Қызылорда филиалы арқылы 40,0 млн.теңге несие қаражатын алды

10.     ЖК Ш.Кушекбаеваның Тауарлар, шикізаттар, шығыс материалдарын сатып алу «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның Байқоңыр филиалы арқылы 18,0 млн.теңге несие  қаражатын алды

11.     ЖК Т.Игиликовтің Жабдықтар сатып алуға «Банк Центр Кредит» АҚ-ның  Қызылорда филиалы арқылы 30,0 млн.теңге несие қаражатын алды

12.              ЖК Ж.Дуйсенованың Құрал-жабдықтар сатып алу мақсатында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның Байқоңыр филиалы арқылы 7,3 млн.теңге несие қаражатын алды

 

Аталған бағдарламаның кепілдік беру компоненті бойынша 7 жобаға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы 110,6 млн.теңге кепілдік берілді.

Анықтамалық:

1.    ЖК Н.Қазбергеновке 10,0 млн.теңге;

2.    ЖК А.Кенжебаеваға 11,0 млн.теңге;

3.    «РЗА» АҚ-на 30,0 млн.теңге;

4.  «РЗА-Агро» ЖШС-не 30,0 млн.теңге;

5.  «Сыр маржаны и К» ЖШС-не 16,0 млн.теңге;

6.  ЖК Т.Игліковке 5,0 млн.теңге;

7.  ЖК Ш.Кушекбаеваға 8,6 млн.теңге «Даму» КДҚ» АҚ-ы арқылы кепілдік берілді.

 

Аталған бағдарламаның кепілдік беру компоненті бойынша 7 жобаға «Даму» қоры арқылы 110,6 млн.теңге кепілдік берілді.

Сонымен қатар, бағдарламаның гранттық қаржыландыру компоненті аясында 5 кәсіпкерімізге 6,2 млн. теңге қайтарымсыз негізде грант берілді.

1. ЖК А.Дүйсенбаева «Түйе жүнінен көрпе жасау» жобасы 500,0 мың теңге

2. ЖК "А.Жұмағұлова" жиһаздарды химиялық тазалау 2 млн 700 мың;

3. ЖК "Н.Тілектес" темір бұйымдарын жасау цехын ашу 1 млн 500 мың теңге;

4. ЖК "Ш.Тұрғанбаева" киізден жасалған бұйымдар өндірісі 1 млн теңге;

5. ЖК "KazalyInc" ақпараттық портал құру 500 мың теңге.

 

 «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы арқылы Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының Қазалы аудандық филиалында жыл басынан бері 113 адам екі күндік оқу курсынан өтіп, сертификаттарын алды.

Бағдарламаның өндірістік инфрақұрылымды дамыту бағыты аясында «Қазалы Керуен» Біріккен Кәсіпорнының «Көлік, сауда-логистикалық орталық» жобасының инфрақұрылымының жоба сметалық құжаттары облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы арқылы Энергетика және тұрғын-коммуналдық шаруашылық басқармасына өткізілді. Жоба құны 211,0 млн.теңге.

Анықтама: «Қазалы Керуен» Біріккен Кәсіпорны» ЖШС-нің жоба бойынша «Сенім-Табиғат» ЖШС «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп, 1-кезекте құны 158,0 млн.теңгені құрайтын «Қалааралық автовокзал құрылысын» салу жобасын іске асыруда. Жобаны іске асыруға Әйтеке би кентінен 2,5 гектар жер учаскесі берілді.

Логистикалық орталық іске қосылған жағдайда сағатына 250 адам қабылдап-өткізу қызметін көрсететін автовокзал ғимараты, 50 автокөлікке арналған автотұрақ, басқа да қызмет көрсету орындары мен демалыс алаңдары салынып, 40 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Жобаны іске асыруға 49 пайызбен «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы77,4 млн.теңге ал, серіктестік 51 пайызбен 80,4 млн.теңге қаражат бөліп отыр.

Сонымен қатар, «РЗА» АҚ-ның құны 2 500,0 млн.теңге құрайтын «1200 басқа арналған ірі қара өсіру кешені мен сүт зауытының II кезеңін іске асыру» жобасын инфрақұрылым желілерімен (электр желісі, газдандыру) қамтамасыз етуге жоба-сметалық құжаттары әзірленіп мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға жолданды. Алдағы уақытта жобаны инфрақұрылыммен қамту үшін қаржыландыру жұмыстары жүргізілетін болады.

Жоба жүзеге асырылған уақытта сауылатын ірі қара санын 1200 басқа жеткізіп, тәулігіне 30 тоннаға дейін сүт өндеп, толық қуаттылыққа жеткізу межеленіп отыр. Жоба аясында жаңа 30 жұмыс орны ашылатын болады.

 

Ағымдағы жылы «Даму-Аймақтар» бағдарламасы аясында 120,0 млн.теңгеге 3 жоба мақұлданды.

Атап айтқанда:

1.    «СПК Қызылорда Балық» ЖШС «Fortebank» АҚ арқылы 100,0 млн. теңге несие алды.

2.    ЖК Ш.Имандосова «АТФ» АҚ-ы арқылы 10,0 млн.теңге несие алды.

3. ЖК Ғ.Аралбаев «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ы арқылы 10,0 млн.теңге несие





 

«Бизнестің жол картасы-2020» 2017 жылдың 6 айлығына  орындалуы туралы ақпарат

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша 2017 жылы құны 200,4 млн.теңге құрайтын 7 жоба екінші деңгейлі банк арқылы несие қаражатын алып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы субсидиялануда.

Аталған бағдарламаның кепілдік беру компоненті бойынша 4 жобаға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы 81,0 млн.теңге кепілдік берілді.

Сонымен қатар, өз ісін бастау үшін аталған бағдарлама аясында                                   1 кәсіпкерімізге 500,0 мың теңге қайтарымсыз негізде грант берілді.

Сонымен қатар, Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының Қазалы аудандық филиалында «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы арқылы ағымдағы жылы 54 адам оқып, сертификаттарын алды.

2012-2016 жылдар аралығында жалпы құны 778,6 млн.теңге құрайтын 29 жоба бойынша екінші деңгейлі банктерден 569,6 млн.теңгенің несиесі алынып, «Даму» КДҚ» АҚ-ы арқылы субсидияланды. Аталған жобалар аясында 188 жаңа жұмыс орны ашылды. 



«Бизнестің жол картасы-2020» 2017 жылдың 3 айлығына  орындалуы туралы ақпарат

 «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасы бойынша 2017 жылы құны 142,0 млн.теңге құрайтын 4 жоба екінші деңгейлі банк арқылы несие қаражатын алып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы субсидиялануда.

2012-2016 жылдар аралығында жалпы құны 778,6 млн.теңге құрайтын 29 жоба бойынша екінші деңгейлі банктерден  несие алынып, «Даму» КДҚ» АҚ-ы арқылы субсидияланды. Аталған жобалар аясында 188 жаңа жұмыс орны ашылды.

- КС «Қазалы несие» ЖШС-і арқылы 1 өтінішке 12,0 млн.теңге несие берілген.

- «KMF (ҚМФ)» МҚҰ» ЖШС-нің Қазалы филиалы арқылы 397 өтінішке 140,995 млн.теңге несие берілген.


Кіру

×