ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Құқық
Экономика
Билік
Құқық
Экономика

Ереже

Қазалы ауданы әкімдігінің
2017 жылғы «01» қарашадағы
№ 231 қаулысымен бекітілген

 

 "Қазалы ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң Ережесi

 1. Жалпы ережелер

 1. "Қазалы ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi Қазалы ауданы әкiмiнiң қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. "Қазалы ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомствосы жоқ.

3. "Қазалы ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. "Қазалы ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. "Қазалы ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. "Қазалы ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. "Қазалы ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қазалы ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

8. "Қазалы ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 120400, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентi, Әйтеке би көшесi, № 60 үй.

10. "Қазалы ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен бекітілген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат: 13.00-ден 15.00. Мемлекеттiк органның толық атауы - "Қазалы ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.

11. Осы Ереже "Қазалы ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

"Қазалы ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесiнiң құрылтайшысы Қазалы ауданының әкімдігі болып табылады.

12. "Қазалы ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

13. "Қазалы ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Қазалы ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер "Қазалы ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

14. "Қазалы ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

аудан әкiмiнiң және әкiмдiгiнiң қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.

15. Негізгі міндеттері:

1) аудан әкімдігі регламентінің сақталуын қамтамасыз ету;

2) аудан аумағында мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру және жергілікті атқарушы органдармен тұрақты өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.

16. Функциялары:

1) аудан әкімінің, облыстық әкімдіктің және мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ, саяси партиялармен, діни бірлестіктермен, үкіметтік емес және басқа да ұйымдармен өзара әрекет етуін қамтамасыз ету;

2) аудан әкімі, оның орынбасарлары және Аппарат басшысының қатысуымен іс-шараларды ұйымдастыру;

3) аудан дамуының мүдделерімен және қажеттіліктерімен үйлесімде атқарушы биліктің мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етуін ұйымдастыру;

4) Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымы негізінде жасақталған ауданның басқару схемасын әзірлеу;

5) жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқаруды жетілдіру, әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері бойынша құжаттар дайындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

6) Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті, ауылдық округі әкімінің аппараттарының, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, олардың жұмысын жетілдіру;

7) төмен тұрған әкімдердің қызметін бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

8) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдарының, облыс әкімінің және әкімдігінің, сондай-ақ, аудан әкімінің және аудан әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті, ауылдық округі әкімдерімен, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен орындауын бақылауды жүзеге асыру;

9) облыс әкiмiне және әкiмдiгiне әкiмдiк қаулыларын, әкiмнiң шешiмдерi мен өкiмдерiн өзгерту, тоқтата тұру, тоқтату туралы, әкiм және әкiмдiктiң қолданыстағы заңнамаға қайшы актiлерiн жою туралы ұсыныстар енгiзу;

10) аудан әкімі және оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша соттарда аудан әкімдігі мен әкімінің мүдделерін білдіру және қорғау, прокурорлық ден қою актілерін қарау;

11) аудан әкімдігі мен әкімінің актілері жобаларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігіне сараптама жүргізу;

12) алқа билерге үміткерлердің тізімдерін құрастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;

13) құқық қорғау органдарының аудан аумағында ведомствоаралық мәселелер бойынша, оның ішінде қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстылықпен күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және терроризмнің алдын алу бойынша өзара іс-қимылын ұйымдастыру және үйлестіру;

14) аудан әкімінің және әкімдігінің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторинг жүргізу;

15) аудан әкімінің және әкімдігінің, облыс әкімі аппаратының наразылық-талап арыз жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

16) кент, қала және ауылдық округ әкімдерінің норма шығармашылық қызметін үйлестіру;

17) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу;

18) "Қазалы ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк қызметшiлерi мен атқарушы органдарының басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату кезiнде материалдарды рәсiмдейдi, мемлекеттiк қызметтi өткеру, тәртіптік жауапкершілікке тартуды, олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру, кадрларды iрiктеуге және орналастыруға байланысты мәселелердi шешу, олардың жеке iстерiн жүргiзу;

19) кадрлық саясатты ұйымдастыру, аудан әкімімен тағайындалатын лауазымды тұлғаларды, Аппараттың қызметкерлерін тағайындауды, тәртіптік жауапкершілікке тартуды, жұмыстан босатуды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

20) мемлекеттік наградалармен наградтауға ұсыну жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

21) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасы шеңберінде сайлау өткізу мәселелері жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру дайындығын және өткізуді жүзеге асыру;

22) қызметтік құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды қамтамасыз ету, мемлекеттік органдар және ұйымдармен құжат айналымын ұйымдастыру;

23) "Қазалы ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiндегi, әкiмдiктiң құрылымдық бөлiмшелерiндегi орындаушылық тәртiптiң жай-күйiне талдау жүргiзу және әкiмге ақпарат беру;

24) басшылықтың жеке және заңды тұлғалардың өкiлдерiн жеке қабылдауын ұйымдастыру;

25) аудан әкімдігі мен әкімінің қызметін ақпараттық қамтамасыз ету;

26) "электрондық үкімет" пен "электрондық әкімдікті" дамыту жұмыстарын ұйымдастыру;

27) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік органдарда электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру;

28) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті, ауылдық округі әкімінің интернет-ресурстарының қызмет етуін үйлестіру;

29) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті, ауылдық округі әкімінің сапалы мемлекеттік, оның ішінде электронды қызмет көрсету жөніндегі қызметін үйлестіру, сондай-ақ, олардың ұсынылуын жетілдіру мен талдауды жүзеге асыру;

30) мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

31) әскери міндетті Аппарат қызметкерлерін бекітіп қою жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;

32) аудан әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарымен іс-қимыл жұмыстарын ұйымдастыру;

33) аудан әкімімен халыққа есеп беру кездесулерін өткізуді ұйымдастыру және кент, қала және ауылдық округ әкімдерімен халыққа есеп беру кездесулерін өткізуді үйлестіру;

34) азаматтық қорғау, жұмылдыру және жұмылдыру дайындығы бойынша  аудан әкімдігінің жұмысын ұйымдастыру;

35) әскери басқару органын жабдықталған әскерге шақыру (жиын) пункттерімен, оларды күтіп-ұстауды, дәрі-дәрмектермен, керек-жарақтармен, өртке қарсы, медициналық және шаруашылық мүлкімен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс және күзет құралдарымен қамтамасыз ету.

36) аудан әкімінің өкілдік үйінің қызметін қамтамасыз ету.

37) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

 

17. "Қазалы ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қазалы ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Қазалы ауданы әкiмi аппаратының басшысы жүзеге асырады.

18. "Қазалы ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің басшысын Қазалы ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. "Қазалы ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттігі:

1) "Қазалы ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және оған жүктелген функциялар мен мiндеттердiң орындайды;

2) "Қазалы ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiндегі iшкi еңбек тәртiбiн белгiлейдi;

3) "Қазалы ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiне жалпы басшылық жасау мен үйлестiрудi жүзеге асырады, олар туралы ережелер әзiрлейдi, аппарат бөлiмдерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, аудан әкiмi тағайындайтын қызметкерлерден басқа қызметкерлердi қызметке тағайындайды, босатады және тәртiптiк жауапкершiлiкке тартады;

5) аппараттағы мемлекеттiк қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;

6) "Қазалы ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің қызметкерлері орындауға мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулықтар бередi;

7) әкiмге әкiмдiктің қаулыларының, әкiмнiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң жобаларын қол қоюға ұсынады;

8) аудан әкiмдiгi қабылдаған қаулылардың, шешiмдер мен өкiмдердiң орындалуын бақылау жөнiндегi жұмысты үйлестiредi;

9) мемлекеттiк қызмет туралы заңнамаға және еңбек заңнамасына сәйкес кадрлармен жұмысты бақылайды;

10) өз құзыры шегiнде қызметтiк құжаттамаларға қол қояды;

11) "Қазалы ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің қызметкерлерiн iссапарларға жiбередi;

12) "Қазалы ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің ақшалай қаражатына иелiк етедi, қаржылық құжаттарға қол қояды;

13) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

14) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

15) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

16) кіріс көздерін қалыптастырады;

17) бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;

18) мемлекеттік органдағы сыбайлас жемқорлық әрекеттер үшін дербес жауапкершілікте болады;

19) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асырады;

20) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

"Қазалы ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

20. "Қазалы ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Қазалы ауданы әкiмi аппаратының басшысы басқарады.

 

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

 

21. "Қазалы ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

"Қазалы ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

22. "Қазалы ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қазалы ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

24. "Қазалы ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Кіру

×