ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Құқық
Экономика
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Билік Мемлекеттік сатып алулар

Мемлекеттік сатып алулар

Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік сатып алулар бойынша атқарылған жұмыстар туралы

(2018 жылғы І жартыжылдық)

         Қазалы ауданы бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің мемлекеттік сатып алу жұмыстарына жасалған талдау нәтижесіне сәйкес, тапсырыс берушілер 2018 жылы конкурс және аукцион тәсілімен 4 млрд. 178 млн. 349 мың теңгені құрайтын 169 сатып алу  өткізуді жоспарлаған. Оның ішінде:

         -тауарларды алу - 559 млн. 855 мың теңгеге 46 конкурс;

         -көрсетілетін қызметтер - 155 млн. 081 мың теңгенің 42 конкурсы;

         -атқарылатын жұмыстар - 3 млрд. 479 млн. 435 мың  теңгені құрайтын 81 конкурс.

         Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 261 млн. 123 мың теңгені құрайтын 568 сатып алу жоспарланып, оның ішінде 77 қызмет (42 млн. 038 мың теңге), 27 жұмыс (18 млн. 966 мың теңге) және 464 тауар (200 млн. 089 мың теңге) сатып алу көзделген.

         Бір көзден сатып алу тәсілімен 1  млрд. 092 млн. 930 мың теңгені құрайтын 4051 сатып алу жоспарланып, оның ішінде 1067 қызмет (790 млн. 388 мың теңге), 169 жұмыс (41 млн. 200 мың теңге) және 2815 тауар (261 млн. 341 мың теңге) сатып алу көзделген.

            Ағымдағы жылдың І-жартыжылдығында ауданның мемлекеттік сатып алу бөлімі  арқылы жалпы сомасы 698 млн. 482 мың 207 теңгені құрайтын 48 ашық конкурс (689 987 365 теңге), 2 аукцион (7 334 128), 1 әлеуметтік тапсырыс (1160714,00 теңге)жарияланды.

         Оның ішінде: 36 жұмыс (610 308 063 теңге), 12 қызмет (50 893 588 теңге) және 3 тауар (37 280 556 теңге).

         Есепті кезеңде бөлім арқылы жарияланған 520 млн. 323 мың теңгені құрайтын    33  конкурс аяқталып, нәтижесімен 103 млн.237 мың теңге бюджет қаражаты үнемделді. 18 конкурс өтінім қаралуда.

            Мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы жарияланған конкурстар

            Оның ішінде: 7 млрд. 986 млн. 292 мың теңгені құрайтын 30 сатып алу  өткізілуде.

             -көрсетілетін қызметтер - 47 млн. 842  мың теңгенің 9 конкурсы;

             -атқарылатын жұмыстар - 7 млрд. 782 млн. 891 мың  теңгені құрайтын 17 конкурс

            - тауарлар - 155 млн. 558 мың  938 теңгені құрайтын 4 конкурс.

         Сонымен қатар, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің аукцион, конкурс тәсілімен өткізетін сатып алуларға аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімінің қызметкерлері кураторлық шеңберінде әдістемелік көмек көрсету арқылы қатысып отыр.

Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік сатып алулар бойынша атқарылған жұмыстар туралы анықтама

(2018 жылғы І тоқсан)

         Қазалы ауданы бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің мемлекеттік сатып алу жұмыстарына жасалған талдау нәтижесіне сәйкес, тапсырыс берушілер 2018 жылы конкурс және аукцион тәсілімен 4 млрд. 178 млн. 349 мың теңгені құрайтын 169 сатып алу  өткізуді жоспарлаған. Оның ішінде:

         -тауарларды алу - 559 млн. 855 мың теңгеге 46 конкурс;

         -көрсетілетін қызметтер - 155 млн. 081 мың теңгенің 42 конкурсы;

         -атқарылатын жұмыстар - 3 млрд. 479 млн. 435 мың  теңгені құрайтын 81 конкурс.

         Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 261 млн. 123 мың теңгені құрайтын 568 сатып алу жоспарланып, оның ішінде 77 қызмет (42 млн. 038 мың теңге), 27 жұмыс (18 млн. 966 мың теңге) және 464 тауар (200 млн. 089 мың теңге) сатып алу көзделген.

         Бір көзден сатып алу тәсілімен 1  млрд. 092 млн. 930 мың теңгені құрайтын 4051 сатып алужоспарланып, оның ішінде 1067 қызмет (790 млн. 388 мың теңге), 169 жұмыс (41 млн. 200 мың теңге) және 2815 тауар (261 млн. 341 мың теңге) сатып алу көзделген.

         Мемлекеттік сатып алу саласындағы ахуалды түбегейлі жақсарту үшін бірыңғай операторды бекіту туралы облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың тапсырмасына сәйкес Қазалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 желтоқсандағы №281 қаулысымен «Қазалы ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.

         Бұл мекеменің миссиясы мемлекеттік сатып алуларды, сондай-ақ, Қазалы ауданы әкімдігімен айқындалатын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады.

         Қазалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы №12 қаулысымен тапсырыс берушілер үшін «Қазалы ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалған.

         Осыған сәйкес, бірыңғай ұйымдастырушы тауарлар бойынша сұйық отын (оларды сатып алуға бөлінген қаржы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен асқан жағдайда) сатып алуға аукцион, жұмыстар бойынша Қызылорда облысы Қазалы ауданы Басықара елді мекеніндегі электр желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстары, көрсетілетін қызметтер бойынша "Жеңіс" саябағын күзет қызметімен қамтамасыз ету конкурстарын өткізуде.

         Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында ауданның мемлекеттік сатып алу бөлімі  арқылы жалпы сомасы 604 811 203 теңгені құрайтын, 31 ашық конкурс (601 477 052 теңге), 2 аукцион (7 334 128) жарияланды.

         Оның ішінде: 29 жұмыс (565 312 790 теңге), 1 қызмет (2 217 857теңге) және                3 тауар (37 280 556 теңге).

         Есепті кезеңде бөлім арқылы жарияланған 66 млн. 297 мың теңгені құрайтын    2   конкурс аяқталып, нәтижесімен 7 781 109 теңге бюджет қаражаты үнемделді.

Кіру

×