ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Құқық
Экономика
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Аудан Қазалы ауданының тарихы

Қазалы ауданының тарихы

Қазалы ауданы 1928 жылы құрылған. Аудан орталығы – Әйтеке би кенті. Халық саны 76,4 мың адам. Жер көлемі – 37,5 мың шаршы шақырым. Облыс орталығынан аудан орталығының ара қашықтығы 322 км. Аудан шығысында Қармақшы ауданымен, оңтүстігінде Өзбекстан мемлекетімен, батысында Арал ауданымен, солтүстігінде Қарағанды облысымен шектеседі.

Ауданда 19 ауылдық округ, 1 кент, 1 қала бар. Аудан халқына  27 емдеу мекемелері, жалпы білім беретін 40 мектеп, 24 мәдениет үйі мен ауылдық клуб, 26 кітапхана, 1 мұражай қызмет көрсетеді.

Ауданнан 5 Социалистік Еңбек Ері, 5 Кеңес Одағының батыры шыққан.

Алғашқы аудан орталығы болған Қазалы қаласының іргесі1853 жылы 16 маусымда қаланды. Орнықты қала болып салынуына генерал-адьютант П.А.Перовскийдің қомақты үлесі мол. Ол Сырдария өзені бойымен Ақмешіт қаласына саяхат жасау барысында Қазалы қаласының негізін №1 форт есебінде қалауға ұсыныс жасаған. 1867 жылы №1 форт Қазалы қаласы атауына өзгертіліп Россия мен Орта Азия елдерінің қарым-қатынас орталығына айналды. 1872 жылы Қазалы қаласы уезд орталығы болған. Бұған қазіргі Қармақшы, Арал аудандарының территориясы кірген. Ол кезде Қазалы қаласында /уезі/ 89966 адам болған.

1928 жылы Қазалы ауданы құрылып, Қазалы қаласы 1958 жылға дейін аудан орталығы болды. 1958 жылы аудан орталығы Жаңақазалы поселкесіне /қазіргі Әйтеке би кенті көшірілді.
Кіру

×